Бейсенбі, 13 Қараша 2025 12:44

Кентау: Ащысай ауылында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелердің бірі — сапалы ауыз сумен қамту болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауыл тұрғындары жаңадан жүргізілген су құбыры арқылы таза ауыз суға қол жеткізді.

Сонымен қатар ауылда өрт сөндіру бекеті ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы мақсат — ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту. Кентау қаласында және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 23 рет