Түркістан: Келес ауданындағы каналдар күрделі жөндеуден өтеді

Келес ауданында биыл 86,9 шақырымды құрайтын 32 канал мен қашыртқыны механикалық тазалаудан өткізу көзделген. Бүгінде 8 нысан, яғни 27,3 шақырымға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Ошақты ауылдық округінде 16,5 шақырым, Қошқарата ауылдық округінде 6,8 шақырым, Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 шақырым канал тазартылған.

Түркістан: Түлкібаста 2 кіші футбол алаңы пайдалануға берілді

Түркістан облысында спорт саласын дамытуға қолдау көрсетілуде. Солардың екеуі Түлкібас ауданындағы бес мыңға жуық тұрғыны бар Жаскешу және екі жүзден астам тұрғыны бар Жанұзақ ауылдарында ашылды. Жас жеткіншектердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа бейімделуіне ықпал ету мақсатында салынған заманауи алаңшалардың лентасын аудан басшысы Асқар Естібаев пен Жаскешу ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытжан Қуанышбеков бастаған ауыл ардагерлері бірге қиды.

Түркістан: "Ата заң - тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жұмыстары пысықталды

Биыл ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады. Айтулы мерекеге орай, ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы жоспар аясында еліміздің барлық өңірінде іс-шаралар өтеді. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Жауапты тұлғаларға осы жоспардағы іс-шараларды толықтыру, жұмысты жүйелеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Шымкент: Еңбекші ауданында "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті

Шымкент қаласында жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала бойынша ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараға қала тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысты.

Шымкентте ЮНИСЕФ-тің волонтерлер мектебі ашылды

2025 жылғы 22 шілдеде Шымкент қаласында жастар үшін маңызды әлеуметтік бастама – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Волонтерлер мектебі ресми түрде ашылды. Бұл жоба «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесу сериясының алғашқы шарасы аясында жүзеге асып отыр.

Түркістан обылысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалық жұмыстары күшейтіле түсті

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалығына қатысты жұмыстар күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров туристік орындардың тазалығын, қауіпсіздігін жақсарту бағытындағы қарқынды жұмысты жалғастыру керектігіне тоқталды.

Түркістан обылысында 2025 жылдың 1 жартыжылдығында өзіндік кірістер көлемі артқан

Түркістан облысында 2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысымен жергілікті бюджетке 139,2 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 116,7%-ға орындалды. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы саладағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмысты ширату, кіріс көздерін ұлғайтуға басымдық беру керектігін тағы да ескертті.