Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өз сөзінде: — «Кез келген мемлекеттің болашағы – оның саналы ұрпағы. Бүгінгі сәби – ертеңгі ел азаматы. Сондықтан ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аналардың еңбегі өлшеусіз. Дүниеге перзент әкеліп, оларға өнегелі тәрбие беріп отырған Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Сіздер елдің демографиялық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлт болашағын тәрбиелеп отырған абзал жандарсыздар. Отбасындағы ынтымақ пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің негізі – аналар. Мемлекет аналарды әрдайым қолдап, олардың еңбегін жоғары бағалайды», – деді.
Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі ҚР Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №1005 Жарлығы бойынша отырарлық 4 анаға «Алтын алқа» және 7 анаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыс етті. Марапат иелері өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, елдің өркендеуі жолында адал еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеуді жалғастыра беретіндіктерін жеткізді. Мемлекеттік наградалармен қатар, аналарға аудан әкімдігі тарапынан гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар да ұсынылды. Мұндай шаралардың жастар мен қоғам мүшелері үшін ерекше тәрбиелік мәні бар. Себебі, ел болашағы үшін ата-ананың, әсіресе аналардың рөлі өте жоғары. Ана жүрегі мен тәрбиесі — әрбір ұрпақтың дұрыс жолмен өсуі мен дамуына негіз болатын басты күш.
Бұл іс-шара мемлекеттік деңгейде әйелдер мен аналарды құрметтеу дәстүрін нығайтуға арналған тағы бір қадам болып табылады. Көпбалалы аналарға Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде жыл сайын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» наградалары табысталып келеді. Бұл марапаттар аналардың көпжылдық қажырлы еңбегін, отбасындағы жауапкершілігін және ұрпақ тәрбиелеудегі үлесін ерекше бағалаудың айқын көрінісі. Қазіргі таңда, Отырар ауданында 66 батыр ана мен 677 «Алтын алқа» иегері, 1333 «Күміс алқа» иегері бар. Сондай-ақ, І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 134 ана ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп келеді. Бұл көрсеткіштер – Отырар ауданындағы аналар еңбегінің еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерінің маңызы тек наградамен шектелмейді. Олар қоғамның әрбір мүшесіне аналардың ел үшін, ұлт болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ана — бұл тек отбасының қамқоршысы ғана емес, ол қоғамның тәрбиелік әлеуетін қалыптастыратын тұлға. Әрбір марапатталған ана — қоғамның болашағына сіңірген еңбегі үшін лайықты бағасын алған тұлға. Олардың еңбегі ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестерімен ерекше бағаланып, мемлекеттің шынайы құрметіне бөленеді. Өйткені, елдің ең басты байлығы – оның азаматтары, ал сол азаматтардың сапалы тәрбиесін қамтамасыз ететін тұлғалар — ана мен әке. Оған қоса, көпбалалы отбасылардың тәрбиелеген ұрпағының, қоғамдағы тұрақтылық пен өркендеуге қосар үлесі де өте зор. Сол себепті, аналарды құрметтеу — біздің қоғамдағы ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың сақталуына бағытталған маңызды қадам.
«Ана – өмірдің бастауы, отбасының тірегі, ұлттың ұйытқысы» деген сөздермен басталған аудан әкімі Қыдырбай Құнанбайұлының сөзінде аналардың қоғамдағы орны мен рөлі жан-жақты сипатталды. Әрбір ана тек отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың болашағының негізін қалаушы тұлға болып табылады. Себебі, ананың жүрегі мен тәрбие дәстүрі — әрбір ұрпақтың өмірінде маңызды рөл атқарады. Ана – бұл тек бала дүниеге әкеліп, оны тәрбиелейтін тұлға ғана емес, ол қоғамның рухани және әлеуметтік дамуында белсенді қатысушы, болашақ ұрпақтың өз еліне қызмет ететін азамат болып қалыптасуына себепкер болатын тұлға. Осылайша, аналардың қоғамдағы орны ешқашан төмендемей, қайта жыл өткен сайын олардың еңбегі мен рөлі жоғары бағаланып келеді. Әсіресе, көпбалалы аналардың ұрпақ тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі, ұлттың дамуына қосқан үлесі қоғамда айрықша құрметке ие болуы тиіс. Мемлекет тарапынан көрсетілген бұл құрмет, аналардың еңбегіне деген шынайы алғыс пен сыйластықтың белгісі болып табылады. Бұл өз кезегінде аналарға деген құрметті арттырып, қоғамның әрбір мүшесіне отбасы құндылықтарының, ананың тәрбиелік ролінің маңыздылығын еске салады. Аналар біздің ел болашағын тәрбиелеушілер, ал олардың еңбегін бағалау — бізді жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта бұл шара тек аналарды марапаттау ғана емес, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамның дамуына қосқан үлес үшін барша әйелдерге деген құрметті арттырудың, олардың рөлін жоғары бағалаудың көрінісі болып табылады. Осылайша, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен құрмет қоғамдағы әйелдерге деген көзқарастың жақсы жаққа өзгеруіне ықпал етеді. Бұл үрдіс еліміздің жалпы әлеуметтік дамуына, отбасы құндылықтарының нығаюына оң әсерін тигізеді.
Бұл іс-шараның мәні тек бір күндік құрмет көрсету немесе марапаттаумен шектелмейді. Отырар ауданында аналардың еңбегін бағалау арқылы қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту және ұрпақ тәрбиесіне қатысты жалпыұлттық жауапкершілікті арттыру мақсат етілген. Аналардың қоғамдағы ерекше рөлі туралы айтқанда, олардың тек отбасы тірегі ғана емес, тұтас ұлттың дамуына ықпал ететін тұлға екені анық көрінеді. Әсіресе, көпбалалы аналардың жанкешті еңбегі мен қажыр-қайраты — елдің болашағына елеулі әсер етеді. Мұндай салтанатты жиындар, бір жағынан, мемлекеттің аналарға деген құрметін білдіріп қана қоймай, қоғамның басқа мүшелеріне де ұрпақ тәрбиелеуде үлкендердің жауапкершілігін сезінуге ықпал етеді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін қалыптастыруға, олардың ұлт болашағына қосар үлесін терең түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізілуі, аналардың маңызды ролін үнемі еске салып, ұрпақтың санасында отбасы мен қоғамның негізін қалаушы тұлға — ана екенін тереңірек ұғындыруға ықпал етеді.
Осы тұста көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар туралы да сөз қозғай кетсек. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы және көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы төлемдер көбейеді. Жәрдемақылардың нақты мөлшері АЕК-тің жаңа мөлшеріне сәйкес қайта есептеледі. Осыған байланысты қазақстандық отбасылар келесі жылдан бастап қанша жәрдемақы алатыны туралы толық мәлімет бере кетейік.
2026 жылға айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 4 325 теңге болып бекітіліп отыр.
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы
Бұл жәрдемақыға бала туған, оны асырап алған немесе қамқорлығына алған Қазақстан азаматтары, қандастар, сондай-ақ елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер өтініш бере алады.
Біржолғы мемлекеттік жәрдемақы жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. Жаңа жылдан бастап оның мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 164 350 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 272 475 теңге.
Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы
Қазір бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді. Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған, яғни жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Мұндай төлем отбасының әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы үшін және ата-ананың алғашқы кезеңде бала күтіміне көңіл бөлуіне мүмкіндік беру мақсатында беріледі. 2026 жылы ай сайынғы жәрдемақының мөлшері:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 24 912 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 29 453 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 33 951 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 38 493 теңге.
Ал декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Егер әйел ресми түрде жұмыс істеп, екі жыл бойы әлеуметтік аударымдар төлеп келсе, онда босанғаннан кейін оған бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды. Мысалы, орташа айлық табыс 200 мың теңге болса, бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын 80 мың теңге төленеді.
Егер егіз немесе үшем дүниеге келсе, төлем әр балаға бөлек тағайындалады.
Сондай-ақ, жұмыс істейтін аналарға жүктілікке, босануға немесе жаңа туған баланы асырап алуға байланысты декреттік төлем тағайындалады. Оның мөлшері соңғы 12 айда МӘСҚ-ға аударылған әлеуметтік аударымдар негізінде есептелген орташа айлық табысқа байланысты болады.
Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы
Мемлекеттік жәрдемақының бұл түрі кәмелетке толмаған 4 және одан көп, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа толмаған студент балалары бар көпбалалы отбасыларға төленеді. Жәрдемақыны тағайындаған кезде көпбалалы отбасылардың ай сайынғы кірісі есепке алынбайды.
2026 жылы оның мөлшері:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 69 330 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 86 673 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 104 016 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 121 360 теңге;
8 және одан көп баласы бар отбасыларға – 32,06 АЕК немесе 138 660 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК немесе 17 300 теңгеден.
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері
Келер жылы наградталған аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы да артады.
2026 жылы «Алтын алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға 7,4 АЕК немесе 32 005 теңге төленеді. Ал «Күміс алқа» иегерлеріне 6,4 АЕК немесе 27 680 теңге жәрдемақы беріледі.Марапатталған аналарға жәрдемақы ай сайын бюджет есебінен төленеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат