Сенбі, 13 Желтоқсан 2025 18:24

Отырар ауданында «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

«Мансап» орталығындағы өткен іс-шарада аудан әкімі аппаратының бас инспекторы М.Кенжебеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Байтеміров, «Мансап» орталығының директоры Е.Әбиев және қызметкерлері жұмыс іздеп жүрген азаматтарға, жұмыссыздарды тіркеу, еңбек имигранттары кызметін алатын кәсіпкерлерге еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік қызметтерін алу бойынша керекті құжаттар тізімін таныстырып және кеңес берілді. Сонымен қатар, аталған қызметтерді алу үйден шықпай интернет көмегімен, ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» немесе eGov.kz және enbek.kz порталдары көмегімен алуға болатыны болатыны туралы кеңес берілді.

Осы орайда айта кетсек, мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілгенін және сервисті және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру - мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократия мен әуре сарсаңның көрінісіне жол бермеуге бағытталған шаралардың бірден бірі екендігін атап өткен жөн. Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұрғындарының  сапалы мемлекеттік қызмет алуы Департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекетіміздің жүргізген саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде мемлекет басшысы жыл сайын тапсырмалар жүктеуде. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының ар-туына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болатыны анық. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. 

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 87 рет