Президент аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы бір мәселені алға тартты.

Мемлекет басшысы: "Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді.

Президент Жолдауынан кейінгі ой: Шымкенттік педагог жасанды интеллекттің білім саласына қосар үлесіне сенімді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжатта білім, ғылым, технология, экономика сынды басым бағыттар кеңінен қамтылды.

Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс

«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады.

Түркістан қаласында 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылды

Түркістан қаласында тағы 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылды. Енді қаладағы әлеуметтік дүкендер саны 30-ға жетті. Ғимараттар жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен салынып, игілікті бастама «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда. Жұмысын бастаған әлеуметтік дүкендерге тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізіліп, белгіленгенбағада халыққа ұсынылып жатыр.