Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады

Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компанияның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды.

Ынтымақ пен татулық – елдіктің тұғыры

Қазақ халқының бай тарихына зер салсақ, елдің іргесін бекітіп, болашағын айқындаған ең қымбат қазына – ынтымақ пен татулық екенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халық даналығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, қоғамды біріктірген өмірлік ұстанымға айналды.

Шымкенттің шығармашыл адамдарының басын қосқан - креативті индустрия

Кейіпкеріміз бұл іске жүрек қалауымен келіп, бүгінде өзі секілді шығармашылықты шексіз сүйетін адамдардың арманын орындап жүрген жан. Нақтырақ айтар болсақ, Шымкентте еліміздің дамуына серпін беріп, талай талантқа жол ашып жүрген креативті индустрия ассоциациясында осы бір жанашыр адамның қолтаңбасы жатыр.

Шымкентте С.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери колледждің жаңа оқу корпусы салтанатты түрде ашылды. Аталған маңызды іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қарулы Күштердің ардагерлері, колледждің жеке құрамы, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды.

Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары

IT саласы тұрақты түрде өсіп келеді. Еліміздегі IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты, соңғы үш жылда өсім 16%-ды құрады. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болды. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетті, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асты.

Президент Жолдауы және негізгі басымдықтар

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.