Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 12:51

Түркістан облысы Түлкібаста дәстүрлі «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара биыл жаңа форматта өтті

Ата-баба дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған саятшылар мерекесі бұл жолы әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.

 Дәстүрлі шара биылғы жылы көркем сөз шеберлерінің байқауы ретінде ұйымдастырылды. Онда алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ұлттық салт-дәстүрді бұқара халық арасында насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

   Мереке кезінде көрермендерге саятшылық дәстүрі мен ұлы тұлғалардың өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылып, облыс және аудан өнерпаздары тарапынан ән-шашу тарту етілді. Байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаты мен сертификаттар табысталды.

   Айта кетейік, соңғы екі жылдан бері өңірдің әрбір аудан- қалаларының табиғи ерекшеліктеріне сай түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Түлкібас жерінде өткен шаралар аудан тұрғындарының рухани кемелденуіне ерекше серпін берді.

  «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара келесі жылы да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Оқылды 525 рет