Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 22:06

Түркістан: Келес ауданында бетперде жетіспеушілігі туындамайды

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, Келес ауданында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша ұйымдастыру жұмыстары, алдын алу іс-шаралары қарастырылып, қызу жұмыстар атқарылуда.

Аймақта бетперделердің тапшылығына байланысты азаматтар цех жұмыстарын жандандырып, қарқынын кеңейте бастады. Дәріханалар мен бөлшек саудада туындаған медициналық бетперде тапшылығын жою үшін бүгінде кәсіпкерлер өз үлесін қосып, өнімді арттырып жатыр.

Аудан тұрғындарын толығымен бетпердемен қамту мақсатында  Келес ауданының әкімдігі «Бастау» кәсіпкерлік нысанымен арнайы келісімге келді. Келісімнің шарттарына сәйкес, «Бастау» кәсіпкерлік нысаны күніне қажеттіліке байланысты бетперделерді  жеткізіуіі тиіс екені атап өтілді.

Айта кетйік, кәсіпорын бүгіннің өзінде аудан тұрғындарын бетпердемен қамту мақсатында 2 мың бетперде жеткізді. Алдағы уақытта да туындаған қажеттілікке байланысты өнім көлемін барынша арттырып отыруды және аудан халқын толық бетпердемен қамтуда жоспарлап отыр.

Оқылды 537 рет