Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 21:45

Түркістан облысында колледж студенттері ауылшаруашылық жұмыстарына ат салысуда

  

Көксәйектегі Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің студент жастары көктемгі ауылшаруашылық жұмыстарына атсалысуда. Көктемнің жылы лебі есіп, егістік алқаптарының жұмысы жанданумен қатар колледж жастары іс-тәжірибелік жұмыстарын егістік алқабында өткізіп жатыр.

 Колледж басшысы Болат Серікұлы колледждің ауылшаруашылық жер теліміндегі егістік алқабында болып "Фермер шаруашылығы" мамандығы студенттерінің іс-тәжірибесімен танысты. Колледждге тиесілі 73 га жер телімінде дәнді дақылдар : арпа 11га, бидай 19га, ноқат 8 га, жоңышқа 10 га сондай -ақ жүгері, қызанақ, картоп, күнбағыс, асқабақ, болгар бұрышы сияқты бақша өнімдері де егіліп өсіріледі. Қазіргі таңда ноқат дақылының егістік жері өңдеуден өтуде. Осы жүргізілетін жұмыстарға толықтай студент жастардың қатыстырылып өткізіледі.

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім деңгейін көтеру мақсатында «Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы жоба арқылы сұранысқа ие 100 индустриалды және сервистік кәсіптер бойынша жоғары оқу орыны мен 180 колледж базасында жүзеге асырылады. Колледжге халықаралық стандарттар негізінде білім беруі үшін мемлекет тарапынан барлық материалдық қолдаулар көрсетілуде. Жоғарыда аталған «Жас маман» бағдарламасына Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі де еніп отыр. Бағдарламаның жұмысы арқылы жастарға кәсіптік білім беруге , ең озық әлемдік деңгейдегі жаңа технологиялар тартылады. Әлемдегі озық технологияларды меңгерген болашақ мамандар әрқашан сұранысқа ие болары анық.

Оқылды 581 рет