Жиында Отырар ауданы бойынша өтетін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының, обьектілердің іс-әрекеттері» тақырыбындағы кешенді оқу-жаттығу профилактикалық іс-шараларының жоспары талқыланып, пысықталды.
Шараның негізгі мақсаты аудандағы шаруашылық нысандардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға әзірлігін пысықтау болып табылады.
Жиынның іс-шара жоспарына сәйкес ауданға арнайы келген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы майор Қанат Қарабалаев бастаған департамент мамандары оқу-жаттығу шаралары кезінде дабыл сигналдары қағылып, дайындық тиянақталатынын ескертті. Сондай-ақ бөлім бастығы кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар мен басқа да мемлекеттік мекемелерге төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлері бекітілетінін атап өтті.
Жиын барысында аудан басшысы азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
