Жексенбі, 15 Наурыз 2020 21:25

Отырар ауданының шаруалары агралы аймаққа тиімді тәсіл қолдануда

  Биылғы жылы мол өнім алуды көздеген шаруашылық өкілдеріне аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен тиісті сала өкілдерінен құрылған насихаттық топ елдімекендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда Отырар ауданының климаттық ерекшелігін назарға ала отырып, ауыл округтерінде егілетін жер көлемі мен дақыл түрлері нақтыланып, көктемгі дала жұмыстар басталып кетті.
Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымыздағы егіс алқаптарын тиімді пайдалану және өнімділіктті арттыру мақсатында топыраққа түрен салған шаруалар жылына бір алқаптан 2, 3 өнім алу жобасын қолға алды.
Осыған байланысты, Қарақоңыр ауыл округіндегі «Арыс дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 гектар жерге ерте пісетін «Кевии» сортты қырыққабат (капуста) егіп, тәжірибесіне енгізді.
Серіктестік төрағасының айтуынша аталған дақыл түрі 50 күнде толық өсіп жетіліп, гектарынан 55-60 тонна өнім алуды жоспарлауда.
Сонымен қатар, егілген қырыққабатты 2020 жылғы сәуір айының аяғына дейін толығымен жинап, осы алқапқа қызанақ, қияр дақылдарын егуді де жоспарлап отыр.

Оқылды 591 рет