Сенбі, 14 Наурыз 2020 21:35

Сайрам ауданының шаруалары көктемгі арпа, жоңышқа егуді бастады

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы бастаған жұмысшы топ жұмыс сапарымен Көлкенттегі "Анархан ата" шаруа қожалығының егістік алқабына барды.

 

   Мұнда жер өңдеу жұмыстары қыза түскен. Сондай-ақ, шаруалар 6 гектарға көктемгі арпа, 4 гектарға жоңышқа егуді бастапты.

   Аудан басшысы сапар барысында өзекті мәселенің біріне айналған мектеп әжетханаларының ішке енгізу жұмыстарымен де танысты. N96 мектептің ішкі әжетханасы түгел іске қосылып, қосымша сыртқы нысанға шығатын дәліз салу жұмыстары да басталған.

    Көлкент ауылдық округтерінде жас пен кәрі бірлесіп, ерекше жақсы көңіл күймен сенбілік жұмыстарында белсенділік танытты. Ұйымшыл ұжым көшелеріндегі үгіт-насихаттық құралдар, баннерлер де аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ретке келгенін Ұ.Сәдібеков оң бағалады.

  Көлкентте де Ақсуабад ауылындағы Сариевтер отбасына "Қамқорлық" бағдарамасы аясында көмек көрсетілді.

   Аудан әкімі жұмыс сапарын осы ауылдағы жылына екі рет өнім алатын "Фазил" шаруа қожалығында қорытындылады. Сұхбат барысында шаруалар Ұласбек Сәдібекұлына шілде айында ағын су тапшылығы орын алатынын, бұл мәселе екінші рет өнім алу кезеңіне қиындық туындататынын жеткізді.

   Өз сөзінде аудан әкімі бұл сұрақты ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Көппеевпен және Су шаруашылығына жауапты Ә.Қалмұратовпен ақылдасып, шешімін қарастыратынын айтты.

 

 

Оқылды 579 рет