Сенбі, 14 Наурыз 2020 14:41

Төлеби ауданының туристік әлеуетін дамытуға бағытталған туристік сайт ашылды

  

  Түркістан облысы, Төлеби ауданының туристік әлеуетін дамыту мақсатында ашылған tolebitour.kz сайтының таныстырылымы өтті. Сала мамандары tolebitour.kz туристік сайты туризм саласын жан-жақты дамыту мен табиғи құндылықтарды дәріптеп, тамаша табиғат пен киелі мекенді шетелдіктерге таныстыратын болатынын айтады.    

Жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мылтықбеков пен облыстық туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының А.Исмайл және Индустрия және туризм ассоциациясының президенті Г.Ақбердиева қатысты.

Сайтты «UX group» ЖШС-нің директоры А.Есжанов жан-жақты таныстырып, құрылымын көрсетті. Оның айтуынша, аталған сайт аймақтың туристік тартымдылығын арттыру мен туристерді қызықтыратын нысандарды табуға көмектесу мақсатында ашылған. Презентация барысында сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, саланың әлеуетін арттыру жолдары талқыланды. Аталмыш ақпараттық порталдан Төлеби ауданындағы туристтік нысандар туралы толық ақпарат алуға болады. Қазіргі таңда шетелдік туристерге ғана емес, еліміздің тұрғындарына да пайдалы болатын жаңа интернет ресурсы өз жұмысын бастап кетті.

Оқылды 588 рет