Жұма, 13 Наурыз 2020 17:03

Қазығұрттық шаруа бір мезгілде 40 мың раушан гүлін, 10 мың дана қалампыр өсірді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат елді мекенінде «Үміт» шаруа қожалығы гүл өсірумен айналысады. Шаруа қожалық 2004 жылы құрылған. Қожалықтың төрағасы - Рустем Ибрагимов.

 

 «Үміт» шаруа қожалығының жер көлемі - 4,5 гектар. Шаруа көлемі 40 соттық жылыжайға – раушан гүлін, 10 соттыққа – қалампыр гүлін өсіріп отыр. Онда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Маусымдық жұмысқа 15 ауыл азаматтары атсалысады. Орташа айлық жалақылары - 60 мың теңге. Өткен жылы өндірілген өнім көлемі - 10 мың дана қалампыр, 40 мың дана – раушан гүлі жиналған. Биылғы маусымда да өнім аз болмайды дейді шаруа.
Жалпы Тұрбат ауылында жылыжай көлемі - 55,3 гектар. Ал аудан көлемінде өткен жылы жылыжай саны - 156,01 гактарға жетті. Осы жылыжайлардан 2019 жылы 39,8 мың тонна - көкөніс, 100 тонна - лимон, 840 мың дана - гүл өнімдері жиналған.

 

 

 

Оқылды 570 рет