Сенбі, 28 Маусым 2025 20:12

Отырар ауданында «28 маусым - Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында экологиялық сенбілік өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырғаны белгілі. Осы мақсатта Отырар ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «28 маусым - табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шара барлық ауыл округтерін қамтып, жергілікті тұрғындар мен жастар, еңбек ұжым-дары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер аймақтағы тарихи ескерткіштер мен көшелерде, демалыс аймақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке жалпы 300-ге жуық адам қатысып, арнайы техниканың көмегімен тұрмыстық қал-дықтар мен өзге де ластаушы элементтерден толықтай тазартылды.

Шараға атсалысқан ауыл округтерінің әкімдері жиналған тұрғындарға табиғатты сақтау – ұлт болашағына деген қамқорлық екенін атап өтіп, барлық қатысушыларды осындай игі бастамала-рға белсене араласуға шақырды. Экологиялық тазалық жұмыстары барысында ауыл тұрғындары ынтымақпен еңбек етіп, өзен бойын күл-қоқыстан тазартып, санитарлық тәртіпті күшейту бағытында белсенділік танытты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтқаны белгілі. – Осыдан бір жыл бұрын бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрсіздер. Бұл – үлгі боларлық іс. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздерді әрдайым қолдаймын! – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен мағынасы жайындағы пікірімен бөлісіп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші деп баға берді. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет екенін үнемі айтып келе жатқанын еске салды.– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы экологияны жақсартуға кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанына тоқталған еді. Президент «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.– Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.– Мысалы, қоқысты сұрыптау, су мен жарықты үнемдеу, қоғамдық орынды бүлдірмеу – аса маңызды. Бұл біздің қоғамның қалыпты қағидатына айналуы қажет. Экологиялық ағарту ісіне айрықша мән берген жөн. Мұны «Таза Қазақстан» кампаниясының негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Уақыт өткен сайын көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға, қорғауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Азаматтарымыз экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді. Мен жаңа ғана көрмені араладым. Онда экологияға мән берген кәсіпорындарымыздың жұмыстары қойылған. Оларға ризашылығымды білдіремін. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Тұтас елдің сана-сезімі өзгере бастады. Жастарымыз мұны терең түсінеді, – деді Президент.

Сондай-ақ, – Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Отаншыл, білімпаз, еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Иә, әр ұлт пен ұлыстың табиғатты пайдалануда, қорғауда ғасыр­лар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлері, нанымдары, құн­ды­лықтары болатыны белгілі. Бұл әкенің қанымен, ананың сүті­мен ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз дарып отыратын асыл қасиет. «Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі» демекші, қазақ халқының дәстүрінде «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптаскан. Жерді өз анасындай көру, ал анасын күндей қастерлеу – ұлтымыздың нанымы­на тереңінен енген салт. Олай деуге себеп, «Жер шоқтығы – Көкше­тау», «Жер жәннаты – Жетісу» сын­ды бірауыз сөздер арқылы бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын, құрметін білдірген.

Алайда әлемдегі шиеленіскен экологиялық мәселелер адамдар­дың өмір сүру ортасына деген көзқарасын біршама өзгертті. Көз ілестірмес жылдамдықпен да­мып жатқан заманда жаңа инно­вациялық технологиялар, жаңа әлеуметтік институттар, өндіріс орындары пайда бола бастады. Бұл факторды адамдардың өмір сүру салтының трансформацияға ұшырауымен, сәйкесінше сұраныс деңгейінің арта түскендігімен байланыстыруға болады. Ендігіде адамдар экологиялық апаттан қа­лай құтылуды емес, керісінше оның эко­логиялық-мәдени салда­рын қа­лай жеңілдетуге болады де­ген сұ­рақ­тардың жауабын іздей бас­тады.

«Жергілікті экологиялық мәсе­лелер – тұрғындардың тіршілік ету салтының ерекшеліктеріне байланысты туындайды. Демек жер­гілікті қоршаған ортаның жағ­­дайы, ерекшелігі, табиғат заң­ды­лықтары мен құбылыстары ға­сырлар бойы сол аумақта ме­кен­деген тұрғындарға ғана жете түсінікті. Олардың тірші­лік ету салты, дәстүрі, наным-сенім­дері сол аумақтың табиғи, гео­графиялық ерекшелігі негізінде қалып­тасады. «Эколо­гиялық білім мен мәдениет қа­лып­тастыруда әр ұлттың этно­экологиялық ерек­шеліктері еске­ріледі» дейді ғалымдар.

Экологиялық мәдениет білім берудің барлық салаларына енуі қажет және тұрғындардың барлық топтарын қамтуы абзал. Ол қоғамның табиғатпен тепе – теңдік ұстай алу қабілеті ретінде дамуы керек. Экологиялық өркениет жағдайында сананың маңызы үлкен. Қазақстанның экологиялық дағдарыстан шығуының маңызды бағыттарының бірі, тұрақты даму жолымен жүре отырып, мәні, мақсаты азаматтардың экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін, экологиялық тәрбиесін дамыту болып келетін экологиялық – ағартушылық табылады, ондағы басты мақсат қоғамның экологиялық санасын өзгерту, адамның табиғи ортаға деген қарым – қатынасын түбірімен өзгерту болу керек. Сол себепті экологиялық мәдениетті дамыту керекпіз.

Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тербиенің міндеті-жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту, экологиялық тәрбие ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Менің ойымша халықтың жағдайын жақсарту үшін, елу елдің қатарына кіруіміз үшін осындай мәселелер өзінің шешімін табу керек деп ойлаймын. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, соның ішінде суды үнемдеу экологиялық мәдениеттің бір белгісі болып табылады. Судың да сұрауы бар демекші, халық оны тіршіліктің бастауы, тазалықтың рәмізі ретінде санаған.

Соңғы жылдары көптеген елдерде моральдық сананың экологизациясы орын алды және құндылықтық бағыттыр өзгерді. Адам – қоғам – табиғат қарым – қатынасы саласындағы моральдық нормалар мен мінез – құлық өнегелілігі экологиялық этиканың негізі болады. Адамның қоршаған ортаға деген қарым – қатынасындағы өнегелілік позициясы гуманистік болу керек, оның негізінде адам игілігінің басым болуымен қатар табиғаттың игілігі де болу керекСонымен, экологиялық мәдениет – табиғи ортаға деген саналы қарым – қатынас, адамның қоршаған ортаны жақсартуға өзіндік үлесін қосуы, экологиялық білімділік.

Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші шарты болып табылады, тек сол арқылы ғана адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік орнатуға болады. Мәдениет жекелендіруден гөрі, адам мен табиғатты біріктіру құралына айналады.Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 35 рет