Ең алдымен қадағаланған негізгі шаруа – таза су мәселесі болды. Ауылдағы су мұнаралары мен сусорғылардың, жалпы ауызсу жүйесінің ағымдағы жағдайы назарға алынды. Аталған мәселе бойынша барлық тараптардың ұсыныстары сарапталып, жауапты қызметкерлер мен мердігерге нақты әрі жүйелі тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге, ауылдың басқа да инфрақұрылымдық мәселелері сараланды. Аялдамаларды жаңарту, трансформатор орнату, бағаналарды ауыстыру сынды жұмыстар жоспарға енгізілді. Қорытындылай келе, атқарылып жатқан жұмыстар уақтылы әрі сапалы, рет-ретімен жүргізілуі үшін жұмыс барысы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат