Отырыс барысында штаб төрағасының орынбасары А.Искаков, білім бөлімі әдіскері М.Сәрсенбеков, орталық аурухананың бас дәрігері Р.Тасырбаев, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Н.Асанбаев өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қазіргі таңда қысыммен тексеру (опрессовка), шаю, қазандықтарды жөндеу және дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қатты және сұйық отынға қажеттілік нақтыланып, тасымалдау тамыз айында басталуы жоспарлануда. Газ жүйесіне қосу, электрмен жылытылатын нысандардың жүйелерін ретке келтіру және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Штаб отырысының қорытындысында жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, барлық іс-шаралардың бекітілген мерзімде әрі сапалы орындалуы тапсырылды. Аталған жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауында болады.
Тағы бір айта кетерлік жаңалық, бүгін елімізде жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында арнайы бөлінген қаржының есебінен сатып алынған 4 коммуналдық техника (Трактор МТЗ-920 (отвалымен) – 1 дана, Прицеп – 3 дана, КДМ КамАЗ – 1 дана, Манипулятор – 1 дана, Фронталды погрузчик – 1 дана) "Темірлан абаттандыру" мекемесіне тапсырылды. Сонымен қатар, шілде айының соңына дейін қосымша 5 техниканың жеткізілуі жоспарлануда (Трактор МТЗ-82 (отвалымен) – 2 дана, Мини трактор (отвалымен) – 1 дана, Автогидроподъемник – 1 дана). Бұл техникалар аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол мен санитарлық тазалық жұмыстарын сапалы және жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат