Шымкент — тарихи және мәдени мұраға бай, оның ішінде Бәйдібек би ескерткіші және Қазығұрт тауы сияқты маңызды орындар бар. Бұл тарихи мұралар Шымкенттің рухани және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады. Шымкент тарихын айшықтайтын - «Цитадельдің» өзі не тұрады.
Жазба деректерде «Шымкент» атауы Шарафаддин Йаздидің Ақсақ Темірдің жорықтары жайында жазған «Зафар-наме» атты еңбегінде кездеседі. Оның жазуынша, 1365-66 жылдары Ақсақ Темір Моғолстанға бара жатқан жорығында Шымкентте біраз күн аялдаған. 2003 жылы «Шымкенттің ортағасырлық кезеңін археологиялық қазбалар бойынша зерттеу» деген атаумен жүргізілген кең көлемдегі қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер қаланың өте ескі шаһар екенін айқындап берді. Сол кезде біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың II-III ғасырларына тиесілі аса құнды жәдігерлер табылды. Зерттеушілер табылған көне заттарға қарап, көне Шымкенттің Орталық Азияның мәдениеті гүлденген қалаларымен тығыз байланыста болғанын анықтады.
Шымкент – мәдениет пен өркениетті үндестіріп тұрған тарихи қала. Шымшаһарға келген туристер табиғаттың әсемдігіне, қала халқының қонақжайлығымен қатар , өңірдің терең тарихынмен сусындайды.
Шымкент өткен дәуірде Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде танылса, бүгінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа күре жолында орналасқан мегаполис. 2200 жылдық терең тарихы бар Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімін толықтырып, оның мазмұнын байыта түседі.
2200 жылдық тарихы бар қаланы қайта қалпына келтіріп, көнені жаңғырту, оны әлемге таныту үлкен еңбек. Бұл өткенге құрметтің, болашаққа деген нық сенімнің көрінісі.