Бейсенбі, 17 Шілде 2025 21:37

Түркістан: Ордабасы ауданында жылу беру маусымына дайындық пысықталды

Аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатындағы штаб отырысы өтті.

 

Күн тәртібінде аудан көлеміндегі бюджеттік мекемелердегі жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Отырыс барысында штаб төрағасының орынбасары А.Искаков, білім бөлімі әдіскері М.Сәрсенбеков, орталық аурухананың бас дәрігері Р.Тасырбаев, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Н.Асанбаев өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі таңда қысыммен тексеру (опрессовка), шаю, қазандықтарды жөндеу және дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Қатты және сұйық отынға қажеттілік нақтыланып, тасымалдау тамыз айында басталуы жоспарлануда.

Газ жүйесіне қосу, электрмен жылытылатын нысандардың жүйелерін ретке келтіру және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Штаб отырысының қорытындысында жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, барлық іс-шаралардың бекітілген мерзімде әрі сапалы орындалуы тапсырылды. Аталған жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауында болады.

Оқылды 32 рет