«Арыс арландары» командасы байқауда үздік төрттікке еніп, жекелеген екі номинацияда бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздарды күтіп алу рәсімі қаламызда сән-салтанатпен өтті. Іс-шараға әскери қызметшілер, ата-аналар, оқушылар мен білім саласының мамандары қатысты.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков мен Арыс гарнизон бастығы полковник Нұрболат Нұрышев жас сарбаздарды жеңістерімен құттықтап, алдағы білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Айта кетейік, биылғы «Айбын-2025» жиыны Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Байқау 22-28 маусым аралығында Ақтөбе қаласында, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында өтті. Жиынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдік 5 мемлекеттен келген 50-ден аса команда, жалпы саны 700-ден астам жас ұл-қыз қатысты.
Арыс қаласынан аталмыш байқауға 15 оқушы (10 ұл, 5 қыз) қатысып, қаламыздың абыройын асқақтатты.