Жұма, 11 Шілде 2025 16:34

Түркістан: Төлебиде мамандындырылған прокуратураның негізгі бағыттарын таныстыратын мекемеаралық мәжіліс өтті

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мамандандырылған прокуратураның негізгі бағыттарын таныстыру және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша мекемеаралық мәжілісі өтті.

Жиынға Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды. Басқосуда сотталған адамдардың құқық бұзушылығының алдын алу, сондай-ақ олардың білім алуы мен жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Мәжілісте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданындағы пробация және түзеу мекемесінің қызметіне қатысты негізгі көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстарын баяндап, №55 түзеу мекемесінің жағдайымен таныстырды.

Аудан басшысы түзету мекемесінде аумағында орналасқан Ленгір қаласына қарасты Шахта-Тоғыс елді мекенінде ұялы байланыс мүлдем жоқтығын, бұл жағдай тұрғындардың төтенше жағдайларда жедел қызметтерге хабарласу мүмкіндігін шектеп отырғанын жеткізді. Аталған мәселені шешу мақсатында «Кселл» АҚ зерттеу жүргізіп, базалық станция орнатуға қолайлы орын тапқанын, мекеме сигнал бұғаттау құрылғыларының әсер ету аумағы рұқсат етілген 50 метрден асып, шамамен 900 метрге дейін таралғаны анықталғанын түсіндірді.

Жиында мамандандырылған прокурордың орынбасары – К. Валиев «BAIQA SYSTEM» жобасын таныстырып, қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары – Е. Мухидин жиын тақырыбына қатысты баяндама жасады.

Мекемеаралық мәжілісті қорытындылаған Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғалиұлы маңызды басқосуды ұйымдастыруға атсалысқан аудан әкімі Еркеғали Амантайұлына алғысын жеткізіп, құқықтық, әділетті мемлекет құру жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.

Оқылды 114 рет