Сәрсенбі, 28 Мамыр 2025 11:09

Түркістан: Келтемашаттағы үш ауылға қосымша ауыз су жүйесі тартылады

Соңғы жылдары аталған елді мекендерде ауыз тапшылығы тұрғындарды мазалаған мәселенің бірі болып келген-ді.

 

Биыл өзекті мәселені түбегейлі шешу мақсатында Келтамашат ауылдық округіне қарасты жалпы 330-ға жуық түтіні бар Қоғалы, Жиынбай және Келтемашат ауылдарына сол маңда орналасқан бұлақ көзінен 2,7 шақырымға жуық қосымша су құбыры тартылып, елдімекендерге баратын су көлемін ұлғайту жұмыстары жоспарлануда.

Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты мамандар аталған су құбыры тартылатын бұлақ басында болып, ондағы су көлемін бақылады.

Асқар Сұлтанұлы бұлақ суы жиналатын орынның айналасын қоқыстан тазарту, бұлақ көзін ашу және маңызды нысанға бейне бақылау камераларын орнатып, талапқа сай қылу мақсатында жауапты мекеме басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетерлігі, үш елді мекенге су құбыры бұлақ көзінен тартылған соң, алдында сорғы (насос) күшімен жұмыс істеп тұрған су жүйесі өз ағымына ауысып, қыруар шығын жұмсалып келген электр қуатын үнемдеуге үлкен септігін тигізбек.

 

Оқылды 29 рет