Сәрсенбі, 04 Маусым 2025 10:46

Түркістан: Түлкібас ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуінде өзекті мәселелер айтылды

 

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар түрлі әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарын көтерді.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй, жер қатынастары, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, жиһаз шығарушы кәсіпкер кәсібін дамыту мақсатында жеңілдетілген несие мен жұмысшылармен көмек беруді және аяқ жол мәселесі, жайылымдық жерлерді қайтару мен саябақтарды күтіп-баптау, инфрақұрылым мен жол мәселелері секілді түрлі салаға қатысты өтініш-ұсыныстар айтылды. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, кейбір сұрақтар сол жерде тиісті бөлім басшыларының қатысуымен шешімін тапты.

Аудан әкімі әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, кейбір өтініштер бойынша бақылауға алынатынын жеткізді.

Аудан тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – халықтың мәселесін жедел шешуге және билік пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Оқылды 29 рет