Бейсенбі, 19 Маусым 2025 12:20

Түркістан: Сарыағаштағы "Жайлы мектепке" инженерлік-инфрақұрылым желілерін тартылып жатыр

Қызылжар ауылдық округіне қарасты Жаскешу елді мекенінде салынған 900 орындық «Жайлы мектепке» инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңында арнайы болып, жұмыс барысын пысықтады. Нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және мерзімінде аяқталуына байланысты мердігер мекемеге тиісті тапсырмалар берілді. Аудан басшысы мердігерге сапалы әрі мерзімінде аяқталуын басты назарда екенін атап өтті.

Мектептің интернет желісін, ауыз су және табиғи газ жүйесін қосу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, желіге қосылған. Инфрақұрылым бағыты бойынша арнайы аялдама орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол төселген.Оған қоса, ғимарат аумағына асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталған. Сонымен қатар, аудан әкімінің бастамасымен қауіпсіздік шаралары аясында көпір салынып, мектеп аумағында қоршау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда, жол белгілерін орнату және жаяу жүргіншілер көпірінің бағаналарын сырлау -әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқылды 37 рет