Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің маусымдық ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шара еліміздің әнұранымен басталып, балалар ән айтып, күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шара барысында аудан басшысы 200 орындық жаңа заманауи үлгідегі модульді жатақхананың лентасын қиып, ауыл ақсақалдарының батасын алды.
-Бүгінгі аудандағы «Балдаурен» балаларды сауықтыру орталығының маусымдық ашылуы құтты болсын!«Балалар – біздің болашағымыз. Ертеңіміз. Елдігіміздің тірегі де осы жастардың арасында өсіп келеді. Біз ең алдымен осылардың балалық шағының бақытты өтуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Міне, тағы бір оқу жылын ойдағыдай тәмәмдаған соң, асыға күткен жаз мезгілі де келіп жетті. Оқушылар үшін жазғы демалысын естен кетпестей етіп өткізу сөзбен жеткізе алмайтын бақыт шығар. Жадыраған жазғы демалыс – барлық балалардың сағына күтетін сәті. Жазғы демалыстарыңыздың әрбір күнінің естен кетпестей қызықты сәттерге толы болуына тілектеспін,-деді Арман Абдуллаев құттықтау сөзінде.
Сонымен қаттар, аудан әкімі жазғы лагерьге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын арнайы аралап, пысықтады. Ауданның білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ә. Адеевке бірқатар ескертпелер атап өтті, қалпына келтіру бойынша жұмысты жүйелендіруді тапсырды.
Айта кетсек, жазғы лагерьде жалпы 7 ауысым бойынша 3000-ға жуық балаларға жолдамала берілуі жоспарлануда. Алғашқы легінде 500-ге жуық бала қабылданған. Аталған орталықта балалар күнделікті өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес демалады. Демалыс орнында балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес роботехника, ағылшын,орыс тілдерінің үйірмелері, спорттық-әскери клубтар, ән,би, сурет үйірмелері жұмыс жүргізеді.