Бейсенбі, 29 Мамыр 2025 13:10

Түркістан облысының аудан-қалаларында қиын жағдайдағы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2024-2025 жылдары Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Қазіргі таңда 17 орталық жұмысістеп тұр.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен аталған орталықтардың қызметін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша мәжіліс өтті. Жиынға жауапты басқарма өкілдері мен орталықтардың директорлары қатысты. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсеткіштер туралы баяндады. Мәлімдеуінше, хаттамалық тапсырма негізінде орталықтардың жұмысына, нысандардың жағдайына және штаттық құрылымдарына зерделеу жүргізілген.

Нәтижесінде, орталықтарды жеке

ғимаратпен қамту, материалдық-техникалық базасын жасақтау, интернетке қолжетімділігін арттыра отырып, штаттық құрылымдарын ең төменгі штаттық нормативтерге сәйкестендіру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен тікелей байланыста болатын мамандардың біліктілігін жетілдіру қажеттілігі анықталды.

 

Түркістан облысында жалпы 507 мыңнан астап отбасы бар. Оның ішінде Д және Е санатында 127 мыңнан астамы немесе 25,1% тіркелген. Олардың саны жыл басынан бері 19 мыңнан астам отбасына не 13,4%-ға төмендеген. Өңірдегі мобильдік топ арқылы мұндай отбасыларға қатысты деректерді өзектендіру бойынша методикалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, биыл қиын жағдайға тап болған тұрғындардың ахуалы мен әлеуметтік мәселесін ерте анықтау үшін FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылып, қазір орталықтарды тіркеу жалғасуда.

 

—Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен рухани дамуының іргетасы. Бұл – жеке тұлғаның алғашқы тәрбиесі қалыптасатын, адами құндылықтар мен ұлттық болмыстың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ең маңызды әлеуметтік ортасы. Сондықтан, түрлі құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық, ерте жастағы жүктілік сынды келеңсіз жайттардың алдын алуүшін осы салаға ерекше көңіл бөлу маңызды.

Оқылды 36 рет