Мақтаарал: Көлікті мас халде айдаған...

Мас халде көлік тізгіндегуші қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

Мақтаарал АПБ-нің патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеріс кезінде, полицейлердің назарына жүрісі күдікті, жарық шамын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігі ілінді.

«Атакент-Мырзакент» тас жолында анықталған көлік, полицейлермен бірден тоқтатылды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның алкогольдік ішімдік ішкені күмәнданды. Медициналық зерттеу қорытындысы жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» мас екенін растады.

Осылайша жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593, 602, 230-баптарымен үш бірдей хаттама толтырылды. Сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеуге алынды.

Жүргізушіге қатысты жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде көлік иесі 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқармауды қатаң түрде ескертеді.

Жетісай: Бейнежазба арқылы ұсталған ұры...

Жасөспірімдердің түсірген бейнежазбасы ұрыны ұстауға көмектесті.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта оның үйіне ұры түсіп, алтын жүзік, алтын білезік және 13 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбiрленушiге 150 000 теңге материалдық шығын келген. Аталған дерек бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Дәл осындай арызбен полицияға тағы бірнеше тұрғын хабарласты. Оның бірі 80 000 теңге ақшасы мен 150 000 теңге болатын алтындарын белгісіз біреу қолды еткенін көрсеткен. Ал келесі тұрғын болса, үйіне жасырын кірмекші болған ұрыны байқап қалып, нәтижесінде ұрының қашып кеткенін жеткізген. Тұрғындардың жиғанын жымқырып, мазасын қашырған ұрыны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру амалдарын жүргізді.

Жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды. Соның нәтижесінде көршілерінің қақпасы құлып тұрса да үйінде адам тығылып отырғанын түсіріп алған жасөспірімдердің бейнежазбасын назарға алды. Осы арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны, жас жігіт болып шықты.

Белгілі болғандай, ақша қажет болған жігіт пәтер ұрлығын жасаған. Яғни күндізгі уақытта есігі құлып тұрған үйлерге заңсыз кіріп, ақша мен алтындарды жымқырған. Осылайша оның 6 жайт ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды, жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Сезіктіден айғақты зат ретінде алтындардың бір бөлігі тәркіленіп алынды. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осылайша Жетісай ауданында жасөспірімдер түсірген бейнежазба арқылы үй ұрысы ұсталып, қылмыс ашылды.

 

 

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды дрон көмегімен анықтауда

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ қауіпті учаскелердегі апаттылықты азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесіп, заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып іс-шараларды жүргізуде.

Жалпы жыл басынан бері облыс жолдарында 450-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдардағы ЖКО 55,4% -ға артты. Төтенше жағдайларды қарау кезінде басты себептердің бірі қарсы жолаққа шығу. Мәселен аталған кезеңде облыста қарсы қозғалыс жолағына шығудың 47 дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3% - ға көп.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Бүгінгі профилактикалық-рейдтік шара кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бақылау үшін дрон қолданылды. Әуеге ұшырылатын бұл құрылғы заң бұзушылықтарды түсіріп, содан кейін бейнежазба полицейдің планшетіне жіберіледі. Бұдан әрі тәртіп сақшылары жолда құқық бұзушыларды тоқтатып, әкімшілік хаттамаларды рәсімдеп, жүргізушілерге ескерту жасады»-деп атап өтті.

Мысалы полиция қызметкерлері Кентау қаласына кіреберіс жерде профилактикалық рейд жүргізді. Жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, оның ішінде көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны және автокөлікті құжатсыз басқарғаны үшін шара көрілген. Бір көлік айыптұраққа қойылып, айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары мұндай тәжірибе оң нәтиже көрсетіп, жүйелі түрде оның жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде де жалғасатынын атап өтті.

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтаудан басқа, автокөлік жүргізушілері арасында жол ережесін қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолға шықпау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

            

Түркістан: Квазимемлекеттік ұйым қызметкерліріне сыбайлас жемқорлықтың алдын шаралары түсіндірілді

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан квазимемлекеттік ұйым қызметкерлірінің арасында түсіндіру шарасын өткізді.

 

Іс шараның мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

Оқыту барысында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

 

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.

 

Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауаптар берілді.

АРЫС: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Түркістан облысы, Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушылар арасында зорлық-зомбылық бойынша және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен ұрлықты болдырмау оның алдын алу, жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алды алу бойынша түсіндерме жұмыстарын жүргізу мақсатында Арыс қаласы ІІБ-НІҢ АПБ-ңЖПҚ КТІЖ УПИ-ң полиция аға лейтенанты А.Жәнібек арнайы келіп жиналыс өткізді. Жиынды мектеп директоры Н.Адамбеков ашып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Арыстанов баяндама оқып кетті. Оқушыларға жан-жақты түсіндірілді.

Мақсаты. Оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дарыту, құқықбұзушылықтың алдын алу.

Бүгінде кәмелет жасына жетпей жатып қылмысқа баратындардың саны артқаны байқалады. Мұндай оқиғалардың көпшілігінің бастауында әлімжеттік тұратыны да анықталған. Көбіне бір-біріне күш көрсету оқу-білімсіз жүрген, айналысатын ісі жоқ жасөспірімдердің арасында орын алады деп жатамыз. Бірақ қазіргі таңда түрлі деңгейдегі білім ошақтарының өзінде мұндай оқиғалардың жиілеп кеткендігі алаңдатып отырған жайы бар.

Көрсеқызарлық бойжеткен қыздарды да ұрлық-қарлыққа итермелеуде Жеткіншек жастардың бұзақылыққа көп баруына ұялы телефонның бүгінгі қоғамда кең қолданысқа ие болуы да түрткі екендігін айтуға тиіспіз. Өзгенің қолындағыдай жылтыраған бұйымды иеленуге деген құштарлықтың арты қылмысқа апарып соқтыруда. Ер балалардың күш қолдану арқылы бір-бірінің затын тартып алатыны жиі кездесетін құбылысқа айналды. Ал, мұндайды қылықты қыз балалардың бойынан көргенде ұлтымыздың ұяты қалай қарай беталды деп ой тұжырымдаймыз.

Тізе берсек, жас өскіндердің қатысуымен болған қылмыстар шаш-етектен. Тіпті, бұғанасы бекімеген жас буынның арасында есірткіге елітетіндер де жоқ емес. Бір ғана Астана қаласы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған 71 бала тіркеуде тұрғанын ескерсек, еліміз бойынша бұл цифрдың қаншаға жететінін ойлаудың өзі қиын. Иә, балалық шағында-ақ, қылмыстың «дәмін татқан» жас өскіндерімізді дұрыс жолға бейімдеудің жолы қайсы? Мұндай жасөспірімдерді дұрыс жолға бағыттау үшін баланың қандай іспен шұғылдануға бейім екендігін анықтап, сол іс бойынша еңбектенуге баулыған жөн. Бұл тұрғыда әрбір жастың жеке тұлға екендігін ескере отырып, бұл тұрғыда олардың пікірімен санасу да аса маңызды. Әлбетте, перзенттерінің өмірдегі өз орнын табуына алдымен ата-анасы барынша көмек қолын созуы керек. Бұл жолда ешбір ата-ана аянып қалмасы анық. Өйткені ұл-қызын жамандыққа кім қияды? Әйтсе де, қылмысқа барған жастарды түзеу оңай іс емес. Мұндай қадамға барғандардың арасында дұрыс жөн сілтеген жанның сөзіне құлақ аса қоятындары некен-саяқ. Олардың арасында бірен-сараны ғана дұрыс бағытта өмір сүруге саналы түрде қадам басуы мүмкін. Әйтпесе, қалғандары бір жасаған ісін қайталауға құмбыл. Жастар арасындағы қылмыстың негізгі себебі – оларды кішкентай күнінен тәрбиелеу кезінде жіберіп алған қателіктер болуы мүмкін. Сол себептен де әрбір отбасы бала тәрбиесін әу бастан-ақ басты назарда ұстағаны абзал. Қазақта баланы тәрбиелеуге қатысты ұлы Абайдан артық ешкім асырып айтпаған шығар, сірә. Мәселен, Абай өзінің 10-қарасөзінде: «Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп біреуді боқтатып, «кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» дейді. Қарап отырсақ, ойланатын жәйт. Өйткені, бұл көпшілігіміздің отбасымызда кезігетін жағдай. Шындығында, әсіресе, «ананы әперші», «мынаны әперші» десе, баланың көңілін қалдырғымыз келмей, оларды өкпелетіп алудан қорқып бар уәдені үйіп-төгіп бере саламыз. Кейіннен сол айтқанымызды орындайтын мүмкіндігіміз болмай қалатыны да жасырын емес. Сол себепті де, «бала ғой» деп көңілін жықпағаннан гөрі, ересектерше ашық сөйлесіп, бәрін түсіндіруге тырысқанымыз әлдеқайда дұрысырақ екен. Біз тілге тиек етіп отырған дүниенің барлығы бір қарағанда қарапайым жайт сияқты көрінетіні де рас. Бірақ балаға жөнді тәрбие беру – болашаққа жарқын жол салу. Бала тәрбиесі – ең өзекті мәселе. Данышпан Абайдың бұл тақырыпқа қайта-қайта оралатыны да сондықтан. Ол өзінің жетінші қарасөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі –білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» дейді. Кейде біз балаларымыздың білсем екен деген тұрғыда бірінен соң, бірін жаудырған сауалдарын жауапсыз қалдырып, «ойнай қойшы» дейтін сәттеріміз де кезігеді. Мұның барлығы өз кезегінде бала тәрбиесінде ата-ананың тарапынан байқалмай кетіп жатқан кемшіліктердің қатарын толықтырады екен. Сол себепті де балаларымыздың әрбір сұрағына, бұйымтайына бей-жай қарамай, жібі түзу жауап бергеніміз аса маңызды екенін қаперімізден шығармағанымыз абзал. «Бала тәрбиесі – ананың құрсағынан басталады». Бұл ұстаным ертеңгі күні «Қолымды мезгілінен кеш сермедім...» демес үшін, бала тәрбиесін өсе келе емес, ананың бойына біткеннен бастауға үндейді. Өйткені, бала тәрбиесінде жіберген кішкентай қателігіміз, ертеңгі күні орны толмас өкінішке апарып соқтыруы ғажап емес...

АРЫС: «Құқық бұзушылықтың алдын – алу» туралы ақпараттық - түсіндірме жұмысы

Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты, «Жиделі» жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқық бұзушылықтың алдын - алу, ата- ананың алдында баланың парызы мен міндеті туралы" ақпараттық - түсіндірме жұмысын жүргізуге қала әкімінің кеңесшісі Сапарымбетова Гүлнар Бектайқызы арнайы келіп 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Баланың ата анасына деген құрметі, борышы туралы, кішіге қамқор болу, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы, әдеп пен тәртіп туралы айтып түсіндірді.

Өз баяндамасында бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отырғанын,  жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығатынын, ал келесі тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алатынын айтып түсіндірді. Іс шара соңында Гүлнар Бектайқызы әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа айтып түсіндірді.

Оқушыларға жүрегіндегі жылы сөздерді шын ниетімен түсіндірген Гүлнәр апайға алғысымыз шексіз.Титтей болсада баланың санасына ой салатын кездесу Отансүйгіштікке,мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиеледі.

 

ҚАЗЫҒҰРТ: “Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында оқушылар жиналысы өтті

Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде “Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Батырбеков және мектеп инспекторы Нұрбеков Талғат Ибрагимұлы қатысты.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.  Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. 

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі  белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу - отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын  ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.

Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.

КЕНТАУ: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша оқушыларымен кездесу өтті

Кентау қоғамдық кеңес, Кентау қалалық мәслихатының, Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жоспарына сәйкес Кентау қалалық мәслихатының депутаты, С.Қожанов атындағы №9 жалпы орта мектептің директоры Ұлбала Мұсаханова, Кентау полиция бөлімінің инспекторы Алмас Бектибаев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Ы.Алтынсарин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

Құқықтықбілімберуадамныңқұқықтықсанасынқалыптастырумақсатындаорындалатынқұқықтықтәрбиеніңнегізгіықпалетушіәдісі.Нақтыайтсақ, құқықтықбілімберуарқылыжасөспірімқұқықтыұғынадыжәнеоныңсанасықалыптасып, дамиды.Құқықтыұғынуменқоса, тұлғанызаңдықұрметтеуге, қорғауға, орындауғадағдыландырумензаңныңәділдігінесендіру- құқықтықсананыңнегізгібелгілері.Аталынғанбелгілероқушылардықұқықтықтәрбиелеунегізіндеотбасынанжәнемектептабалдырығынанбастапжүзегеасады.Есейгенадамғақарағандасанасыменмінез-құлқыжаңаданқалыптасабастағанжасөспірім- тәрбиеніңқолайлыобьектісіболыптабылады

Құқықтықмәдениеттіңнегізгібелгілері: заңнормаларынбілу, заңнормаларынорындау: қоғамдықтәртіпті; заңнормаларынбұзбау; заңкүшінесенужәнет.б.. Құқықтықмәдениетідамығантұлға-құқықтықмемлекеттіңүлгіліазаматыболады.

Құқықтықтәрбиеберуарқылыжастардыөзқұқықтарынпайдаланып, азаматтықміндеттерінорындайотырыпқоғамдаөмірсүруге, заңдарменережелерді  тәжірибедебелсендіқолданабілугеүйретугеболады

А.С.Макаренконың: «анағұрлымқиынтиетінқайтатәрбиелеужұмысынаоралмауүшін, әуелдендұрыстәрбиеберугетырысукерек» дегенпікірінұмытпағанжөн.

Құқықтықтәрбиеберудіңнегізгімақсатыоқушылардақұқықтықмәдениетпенқұқықтықәрекет-қылыққалыптастырып, олардықұқықтықзаңдылықталаптарынтүсінугеәрімойындауғабаулу.Құқықпентәрбиеніңөзарабайланыстыәрекетінегізіненжанаматүрдетәрбиегеараласқаната-аналарменұстаздарарқылыіскеасырылады..

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы.  Жастар қоғамымыздың  жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс.