Мақтаарал: "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елге кіретін Ресей азаматтарының саны күрт өсті.

Шетелдік азаматтардың үлкен ағыны елдің жедел жағдайына, қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын (әсіресе Ресей Федерациясының азаматтарын) бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде қоғамдық-саяси жағдайды қадағалау мақсатында, Мақтаарал ауданы аумағында ағымдағы жылдың қазан айының 1 мен қараша айының 1 күндері аралығында Республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараға, жалпы 60 қызметкер, оның ішінде Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінен 36, жедел уәкілдер 4, аудандық пробация қызметінен 4, қоғамдық құрылымдардан 11 тұлғалар жұмылдырылып, іс-шара бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Саурандық сақшы оқушы қыздармен сырласып, қорғау нұсқамасына алынған отбасылардың жай-күйін білді

Сауран аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мадина Баймаханның ұйымдастыруымен "Қызыл әскер" мектебінде келелі кездесу өткізілді. Іс-шараға полицеймен бірге психолог мамандар қатысып, мектеп оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Әсіресе қыз баласының тәрбиесі жөнінде, сондай-ақ отбасы жайында қозғалып, құнды ақпараттар айтылды. Оқушыларға отбасындағы, қоғам алдындағы жуапкершіліктері, сондай ақ заңға қайшы әрекетке бармаулары бойынша да ақыл-кеңес айтылды. "Қыз баланың міндеті мен тәрбиесі" тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Және психолог мамандары кері байланыс жасап, сұрақ қою арқылы қатысушы қыздарымыздың ойларын тыңдап, сырласу сәті өткізілді.

Сонымен қатар полиция аға лейтенанты М.Баймахан, басқа да оқу орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек профилактикалық бақылау есебіне алынған, қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралап шықты. Олардың жұбайларымен тиісті деңгейде сұхбаттар жүргізді. 102-ге түскен хабарламалар бойынша азаматшалардың тұрғылықты мекенжайына бекітілген учаскелік полиция инспекторларымен бірге барды.Қажеттілерін қорғау нұсқамасына алып, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жетісайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы әйелдерге және балаларга жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесiн зерттеу мақсатында, Жетісай ауданы көлемiнде учаскелік полиция инспекторлары тартылды. Аталмыш полицейлер өз аумақтарында тiркелген жайсыз отбасыларға барып, тұрмыстық жағдайын тексеріп шықты.

Шараның негізгі мақсаты- зорлық-зомбылықтың тәсiлiн және әдiсiн, сондай-ақ оның себептерi мен жағдайларын анықтау болып табылады. Және алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды тиiмдi ұсыныстарды қолға алу.

«Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін әйелдер санының артуына байланысты қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды, сондай-ақ мұндай заңсыз әрекеттерден зардап шеккендерге көмек көрсететін дағдарыс орталықтарының санын көбейтуді талап етуде»,- дейді мамандар.

Отбасылық-тұрмыстыққатынастарсаласындатіркелгенбарлыққұқықбұзушылықтардың 40%-данастамыфизикалықзорлық-зомбылықпенбайланысты. Бұлреттенегізгіүлесті (70%) әкімшілікқұқықбұзушылықтар (денсаулыққақасақанажеңілзиянкелтіружәнеұрып-соғу) құрайды. Бүгіндебізденсаулыққажеңілзиянкелтірудідекриминализациялаумұндайқұқықбұзушылықтарсаныныңекіесегежуықөсуінеәкелгенінкөріпотырмыз. Егер 2017 жылыденсаулыққажеңілзиянкелтірубойыншатіркелгенқұқықбұзушылықтардыңсаны 7652 шамасындаболса, біржылданкейінбұлкөрсеткіш 15 496-ғажеткен, – дейді.

Маманныңайтуынша, еліміздеденсаулыққажеңілзиянкелтіретінұрып-соғуқылмыстарыбірнешеретқылмыстықжауапкершілікретіндемойындалып, олсанаттанқайташығарылған. Мәселен, 1997 жылымұндайқылмыстарҚРҚылмыстықкодексінің 105-16-баптарыбойыншақылмысдептанылғанболса, 2004 және 2011 жылдарықылмысдептанылмадыбасқашаайтқанда, Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралыкодекскеауыстырылды.

2014 жылыжаңаҚылмыстықкодекстіңқабылдануыменқылмыстықжазаныңнақты, әріқисындыжүйесіқұрылды. Ұрып-соғужәнеденсаулыққажеңілзиянкелтіруҚРҚылмыстықкодексіндеболды. Алайда 2017 жылыбұлбаптартағыдабұлсанаттаналыныптасталынды.

ОсығанбайланыстыазаматтықбелсенділерҚазақстандабартұрмыстықзорлық-зомбылықүшінжазаныңформаларыментүрлеріәділеттіліктіжүзегеасырмайды, сотталушынытүземейдіжәнежаңақұқықбұзушылықтардыңалдыналмайдыдепсанайды.

СерікБеркамаловқоғамдықкеңесатынанзорлық-зомбылықтықылмыстықжауапкершіліккетартудыңорындылығынақатыстыбірқатарұсыныстарберіпөткенболатын.

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Бұл – 73-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 73-2 (ұрып-соғу) және 461 (қорғау нұсқамасын бұзу) баптар. ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы (азаптау) қылмысты жасаған адаммен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда болатын адамдарға қатысты қылмыс жасау квалификациялық (ауырлататын) белгімен толықтырылсын. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғуды жеке-жариялы айыптау санатына қосу үшін өзгертулер енгізу маңызды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ҚР Қылмыстық кодексінің 108, 109, 110-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың (тек істі сот қарауы барысында) ерекше тәртібі қарастырылсын. Бұл өзгеріс жеткілікті және объективті негіздерсіз тараптар татуласқаннан кейін тергеуді тоқтатуды болдырмауға мүмкіндік береді.Бүгінде тек бір жыл ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі қайталанған жағдайда ғана үш тәуліктен аспайтын мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Жанна Оразбахова бұл жөнінде былай деп пікір білдіреді:

– Бар мәселе –  бізде әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын жер жоқ. Қазір Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторының бірінші қабаты түгелдей мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға берілді. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тартылғандар да орналастырылады. Уақытша қамау орнында орын тапшы. Бұл қылмыстарды жасаған тұлғалармен психокоррекция жүргізілмейді. Осылайша жағдай жалғаса береді: адам ескерту алады, ол үйіне келіп, тағы да әйелі мен балаларын ұрып-соғуды жалғастырады. Бүгінде дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауда және психологиялық оңалтуда маңызды рөл атқарады. Олар еліміздің әртүрлі қалаларында жұмыс істейді.

Профилактикалық шара кезінде полицейлер, тұрғындарға заң тұрғысынан толыққанды түсіндіріп, қандай да бір кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда бірден полицияға хабар берулерiн ескертті.

Жетісай: Ұрыны ұялы телефонға түсірген жасөспірімдер марапатталды

Әлеуметтік желіде блогер болғысы келген жасөспірімдердің түсірген бейнежазбасы кеңінен таралуда. Себебі, бұл ерекше бейнежазба полицейлерге бірнеше үйге ұрлыққа түскен ұрыны анықтауға ықпал етті.

Нақтырақ айтсақ, аталмыш оқиға Түркістан облысы Жетісай ауданында орын алған. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жүрген жасөспірімдер кенеттен, көрші үйде бөтен біреу жасырынып отырғанын байқап қалады. Бір қызығы көршінің қақпасы құлыпталып тұр. Мұны көрген жасөспірімдер, қызықты бейнежазба түсіру ниетімен ұялы телефондарын іске қосады.

Осыған орай Жетісай АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков, Жетісай ауданында орын қылмысты ашуға көмектескен Назерке Қалдыбайқызы, Раяна Ерлан, Нұрасыл Нұржанұлын арнайы қонақ ретінде қабылдады.

Полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғыс айтып, оқуда озат болыңдар деп тілек білдірді. Сонымен қатар спорттық киім, аяқ киім сыйлап, ата-аналарына «Алғыс хат» табыс етті. Полицейлер тарапынан көрсетілген құрмет пен берiлген сыйлықтар үшін, балалардың ата-аналары өз ризашылықтарын бiлдiрдi.

Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 3500-ге жуық адам полиция бөліміне жеткізілген

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда балалар мен әйелдердің денсаулығын, өмірін қорғау туралы мәселелер қозғалды. Ал отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар бойынша Түркістан облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Жанар Қалабаева баяндама жасады: «Полиция департаментінің құрылымдарымен әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік» атты акциялары ұйымдастырылды.

Жалпы ағымдағы жылдың 9 ай мерзімінде тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа 2326 іс құжаттар жолданып, оның ішінде 64% екі жақтың татуласуына байланысты қысқартылды. Облыс бойынша 3500-ге жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Барлығы 3412 қорғау нұсқамасы шығарылды. Тіркелген қылмыстарды сараптау барысында мамандар отбасындағы жанжалдың орын алуына көп жағдайда ішімдік себеп болады»-деп атап өтті.

Жиын соңында полицейлер тарапынан әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасатыны айтылды.

Сарыағаш: 2700-ден астам түп көкнәр еккен ер адам сотталды

Түркістан облысында ірі көлемде есірткі еккен егде жастағы ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нақтырақ айтсақ, полицейлерге Сарыағаш ауданының тұрғыны есірткі егумен айналысады деген жедел ақпарат келіп түсті. Ақпарат алысымен тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәртіп сақшыларынан шұғыл топ құрылды. Полицейлер жан-жақты жұмыс жүргізіп, ақпарат жинақтады.

Соның нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Егде жастағы ер адамның үйіне тінту жүргізу кезінде, үйінің артқы жағында орналасқан егістік алқабынан егілген, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктер табылды.

Осылайша сезіктіден айғақты зат ретінде 2720 түп өсімдік тәркіленіп, олар сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысымен алынған түптер «көкнәр» өсімдігі болып шықты.

Жергілікті тұрғынның есірткі егіп-өсіруі бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабымен "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" басталды.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтаған полицейлер, істі айыптау актісімен заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.

Сарыағаш аудандық сотының үкімімен 54 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Түлкібас: Тұрғын үйден ұялы телефондарды ұрлаған жас жігіттер анықталды

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде хабарласқан. Жәбірленуші ер адамның айтуынша бөлмесінде тұрған «Рoco X3» және «Samsung» маркалы ұялы телефондарын түнгі уақытта белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін көрсеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 200 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жасап, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті 2 азамат анықталды. Олар жұмыссыз жергілікті тұрғын, яғни жас жігіттер болып шықты.

Белгілі болғандай күдікті екеу жәбірленушінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, қуаттағышта тұрған ұялы телефондарды жымқырып, іздерін суытқан. Содан сезікітілер оңай жолмен пайда таппақ болып, ұялы телефондарды таныстарына сатып жіберген.

Бүгінде қолды болған ұялы телефонның бірі иесіне табысталды. Қазіргі таңда ұрлық жайтына қатысты тергеу жүргізілуде.

Түркістан: Аз уақытта ақшаңды еселеп көбейту - бұл жалған ақпарат

Алдымен әлеуметтік желіде биржаға ақша салып немесе букмекерге ақша тігіп, аз уақыт ішінде пайда табуға болатыны туралы жарнама беріледі. Яғни алаяқтар адамдарға спорттық шаралар туралы қосымша ақпарат барын, ірі танымал компаниялардың биржадағы акциялардың бағасын білетінін айтып, оларды сендіреді. Осылайша, адамдар оларға өз ақшасын сеніп тапсырып алданып қалады.