Кентау:Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін деп, ақша жымқырған алаяқ анықталды

Кентау қаласының полицейлері кезекті алаяқты қолға түсірді. Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге қаражат алған.Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 

4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен; 

5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мынадай: 

1) ірі мөлшерде; 

2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 

3) екі немесе одан да көп адамға қатысты; 

4) бірнеше рет жасалған алаяқтық мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда, мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса;

 

2) аса iрi мөлшерде жасалса, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. 

 

Ордабасы:Футбол ойнап жүрген жігіттің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, стадионының алдында тұрған «Нексия» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады.

Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Тәртіп сақшылары, небары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған орын мен және күдіктінің жеке-басын анықтады.

Яғни ұрланған көлік көше бойындағы дүкеннің алдынан табылды.

Анықталғандай күдікті мас халде келе жатып стадионның алдында есігі кілттеусіз тұрған көлікті көріп, мініп кеткен. Бұл сәтте автокөлік иесі сол стадионда футбол ойнап жүрген. Кейіннен қайтар уақытында көлігінің жоқ екенін көріп, бірден сақшыларға шағымын жеткізген. Көлік иесіне қайтарылды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. 

ҚР Қылмыстық Кодексi 200-бапта «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» төмендегідей жазылған:

1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – 
бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
2. Мынадай: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) бiрнеше рет; 
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекет – 
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не iрi залал келтiрген іс-әрекеттер – 
бес жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер – 
алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

 

Түркістан:Патрульдеу кезінде көлігінің терезесін күңгірттеген 5000 жүргізуші анықталды

Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, 9 айдың ішінде 509-баптың 5-бөлігі күн көзінен күңгірттеу (тонировка) бойынша 5315 дерегін анықтаған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі, осы автокөліктің терезесін күңгірттеу.

Мәселен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалымжан Жақсылықов, республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында патрульдеу кезінде, автокөлігінің терезелерін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Аталмыш «Toyota Camry» маркалы көліктің жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екені түсіндірілді.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» хаттама толтырды. Осыдан соң полицей жүргізушінің терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын қадағалап, қандай да бір орын алуы мүмкін жол апатының алдын алды. Жалпы облыс полицейлері мұндай құқық бұзушылық жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 590-бапқа  «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» көз жүгіртетін болсақ, онда:

Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару – 
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  
2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару – 
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату – 
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Төртінші бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару – 
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
ЗҚАИ-ның ескертпесі!

 

4-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару – 
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару – 
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару – 
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру – 
лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару – 
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  
10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну керек деп жазылыпты.


 

ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов  Кентау қаласында болып, проблемалық құрылыс объектілердің  бүгінгі ахуалымен  танысты.  Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасында көрсетілген тұрғын-үй саласындағы кемшіліктердің барысын бақылаған Саян Қылышұлы, ең алдымен 2020 жылы көпқабатты тұрғын үй салу үшін қазаншұңқыр қазылып, алайда бюджеттен қаржы бөлінбеуінің салдарынан құрылыс жұмыстары тұралап қалған 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды.Нысанның бүгінгі ахуалын баяндаған Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов «Нұрлы-жер» бағдарламасымен 2019-2021 жылдар аралығында 5 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыстары жоспарланып, 2020 жылдың соңында  мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен құрылыс жұмыстары басталғанын және 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін қаражат бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстарының аяқталмай тұрғанын жеткізді.Сондай-ақ, аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу   мақсатында қаржы аудару үшін Түркістан облысының құрылыс басқармасына бірнеше рет хат жолданғандығын тілге тиек етті. Келесі кезекте Превенция қызметінің басшысы 2021 жылдың тамыз айында тұрғындардың қолданысына берілген Ш.Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты 10 тұрғын-үйге арнайы келіп, жаңа үйге қоныс тепкен 600 отбасының көгілдір отынға мұқтаж екендігіне көз жеткізді.Бұл бойынша қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы бүгінгі күні қала аумағына газ келуіне орай бұл мәселе толық шешімін табатынын баяндап, тұрғын үйлерге газ жүйелерін қосу жұмыстары әкімдік тарапынан басты назарда екендігін баса атап өтті.  

Қаратау тәжі саналатын қалада орналасқан проблемалық тұрғын үйлердің құрылысымен жіті танысқан С.Ахметжанов бюджет есебінен салынып жатқан нысандардың сапа деңгейі мен белгіленген мерзімде орындалуына жүйелі қадағалау болуы тиіс екендігін әкімдік қызметкерлерінің назарына жеткізді.   

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АГЕНТТІКТІҢ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов өңір тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.  Қабылдау барысында Саян Қылышұлы ұсыныс-пікірлері мен арыз-шағымын арқалап келген облыс азаматтарының талап-тілектеріне құлақ түріп, өтініштері мен сұрақтарына толымды жауап берді.Атап айтсақ, азамат Б.Жұмаділдә Бәйдібек ауданындағы емхана, мектеп, бала-бақшаларға қатынайтын көпірдің сапа деңгейінің төмен екенін баяндады және Хан Тв телеарнасының журналисті Б.Ибрагимов Төлеби ауданы әкімінің Республика бюджетін мақсатсыз жұмсағаны туралы шағымдарын білдірді.Сондай-ақ, А.Айдарбеков жергілікті атқарушы органдардың іс әрекетіне аудиторлық тексеріс жүргізу туралы, А.Достаев сатып алған жеріне тұрғындардың қоршауға қарсылық білдіруі туралы және А.Абдувалиев «Бірлік» стадионына қатысты арыздарын арқалап, бұл бойынша Агенттік тарапынан тиісті шаралар қолдануын өтінді.  Азаматтардың әрбір арыз-шағымына терең үңілген Саян Қылышұлы аталған өтініштердің Агенттік тарапынан назарға алынатынын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашықтық қағидаттарына сүйене отырып жұмыс жүргізетінін баса атап өтті. 

Түркістанда жол апатына ұшыраған көлік жанып кетті

Ордабасы аудандық полиция бөліміне 20.10.2022 жылы сағат 10:51 шамасында «Шымкент-Самара» тас жолында жол апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Анықталғандай, «Nissan Elgrand» автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай бағытына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан «Mersedes Bens» маркалы жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысу арқылы жол-көлік оқиғасы орын алған.

Көлік сол жерде өртенген.

Салдарынан «Nissan Elgrand» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал 1 жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Екі автокөлікте айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.

ҚР Қылмыстық Кодексi 345-бапта «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»:

Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы – 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – 
белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет – 
белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – 

белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған.

 

 

АГЕНТТІКТІҢ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов киелі өңірдің бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.    Диалог алаңында облыстық басқарма басшылары, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының басшылары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, ірі және шағын-орта бизнес өкілдері болып табылатын «Югдорстрой», «Feb Turkestan», «Эльдорадо и BAZA», «Qazyna құрылыс MS», «Лидер-НС Строй», «Отау Строй», «ӘлемТрансСтрой» және «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен БАҚ өкілдері бас қосты.   Жиында Саян Қылышұлы Агенттік жұмысының жаңа тәсілдері «Атамекен» ҰКП басшылығымен талқыланып, бүгінгі күні кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету мен бизнес ортадағы проблемалық мәселелердің  шешілу жолдарын оңтайландыру бойынша бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.«Елімізде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда, өңірлердегі бизнес-құрылымдардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста болу және оларды негізсіз әуре-сарсаңдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау – Агенттіктің басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өткен жөн» - деді Превенция қызметінің басшысы.  Мақсатты жиында мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру салалары, автомобиль жолдарының құрылысы мен құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру әрекетіне қатысты кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ортаға салынды.  

Мақтаарал:Көршісінің құрылысқа қажетті құралдарын жымқырған ер адам анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, сарайында тұрған 4 дана отпен күйдіргіш құралы, 3 дана электроматор, 1 дана болгаркасын жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдіктінің мекенжайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Анықталғандай күдікті күдізгі 11:30 шамасында, көршісінің үйіне ұрлыққа түскен. Ол есікті күшпен ашу арқылы қоймаға кіріп, тұрмысқа қажетті заттарды ұрлаған. Алайда күдікті оңай жолмен келген заттарды сатып үлгермеген. Айғақты заттар ұрланған күдіктінің үйінен табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық Кодексi 188-бапта «Ұрлық» былай деп жазылған:

 

1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
2. Мынадай: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық – 
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.