Отырар: Жоғалған 15 жасар қыз Шымкенттен табылды

Отырар полициясына аудан тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Ер адамының айтуынша таңғы уақытта мектепке кеткен Қарақат есімді 15 жасар қызы үйіне қайта оралмаған.

Отырар АПБ ювеналдық полиция тобының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, небары тәулік ішінде қыз Шымкент қаласындағы саябақтан табылды. Осылайша, жоғалған қыз ата-анасына аман-сау күйінде тапсырылды. Тәртіп сақшысының анықтауынша жасөспірім қыз мектептен шығып, достарымен қыдырмақ болып Шымкент қаласына кетіп қалған.

Өз кезегінде баланың әкесі полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді. «Мен қызымды азанда сабаққа шығарып салған болатынмын. Содан түскі уақытта қызым мектептен келмеді. Қызымды өздігімнен іздеп таба алмаған соң полицейлерден көмек сұрадым. Тәртіп сақшылары дер кезінде қызымды тауып берді. Алғысым шексіз.»-деп жүрекжарды сөзін арнады.

Созақ: Қоян еті мен мылтық тәркіленді

Полицейлер қойшыдан қоян еті мен мылтық тәркіледі.

"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жабайы жануарларды заңсыз аулау жайтын анықтады. Нақтырақ айтсақ рейд кезінде созақтық полицейлер Орман-қорық жеріндегі жайылымдық жерден қояндарды аулаған қойшыны анықтады. Сондай-ақ орта жастағы азаматтың үйін тінту кезінде 16 калибрлі тәркілеген аңшы мылтығы табылды. Тәртіп сақшылары браконьерден өлтірілген 3 дана қоян мен қаруды тәркілеп, жағдайды анықтау үшін азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Құқық бұзушыға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі "жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу" және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейкі, бірнеше жыл бойы бра­ко­ньер­лерге қарсы заңды күшейту туралы айтылып келді. Өйткені түз тағысын атып, өзен-көлдерде балықтарды заңсыз аулайтындар көбейіп кетті. Арнайы рұқсаты жоқ аңшылар далада ойқастап, өздерін қожайын санағандары сондай, адамдарға да қару ке­зен­ді. Бір жылда екі қорықшы қан­ды қолдың оғынан қаза тапты. Енді заңды белшесінен бас­қан браконьерлер қатаң жазала­натын болды. Өйткені 2020 жыл­дан бастап Қазақстанда заңсыз аң­шылық және балық аулау тәртіп бұзу қатарынан шығары­лып, орта деңгейдегі қылмыс са­­натына жат­қы­зылатын болды. Осындай қыл­мыстар үшін 10 мил­лион теңгеге дейінгі айыппұл және 4 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру, қорықта заңсыз аңшылық пен балық аулағаны үшін 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру, ірі мөлшерде және ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалса, 10 жыл­­ға дейін бас бостандығынан айы­ру, киік­терді атқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза­сымен қатар брако­ньерлік қыл­мыстың барлық сана­ты бо­йынша заңсыз аң аулау құ­ралда­ры – қару-жарақ, көлік пен мүлікті тәркілеу қарастырылған.«АҚШ-та «жануардың құ­ты­луына мүмкіндік беру» деп ата­ла­тын заң бар. Ол бойынша бөлтірік ерткен қасқырды атуға болмайды. Жайбарақат жайылып жүрген бұ­ғыларды баспалап кеп атуға бол­майды. Қандай әділетті? Қазақ та бір кездері осындай емес пе еді? Иә. Біздің жұрт, бұ­рын аң ұстауда өте әділетті болатын. Түлкіге бүр­кіт салатын, мылтықпен атып ал­­­майтын. Бүркітінің бабы кел­месе немесе шамасы жетпесе, түл­кі құ­тылып кетеді. Ол түлкінің мүм­кін­дігі. АҚШ заңындағыдай, киікті ыс­қырып, бір үркітіп барып ата­тын. Сол кезде құтылса, құты­лып кетті, қашып үлгермесе, обал жоқ. Ол замандарда қасқырды қарумен емес, айла-тәсілмен алу­шы еді.Айта кетсек, көршіміз Ресей жыл сайын браконьерлердің ке­сірінен 18 миллиард рублін жоғал­тады. Ал осы заңсыз аң аулау­шылардың кесірінен ауру тарап жататыны да әлемдік тарихта жа­зылып қалды. Мысалы, 1990-жыл­дары Конго мен Габонеде брако­ньерлер аулаған шимпанзе етін жеу арқылы тараған Эбола вирусы, Қытайда борсық, жыртқыш аң­дарды тамақ ретінде пайдаланудан тараған SARS індеті біраз әбігерге салған болатын.Иә, біз аяушылық деген түй­сіктен айырылып барамыз. Та­биғатты аялау орнына аямаймыз! Жаңа заң күшіне енді, мүмкін осыдан кейін ойланармыз?Өйткені заңсыз аң атушы мен балық аулаушы тәртіп бұзушы емес, ол енді қылмыскер!

Сайрам: Мейрамханадан ұялы телефон ұрлады...

Мейрамханаға қонақ болып келіп, ұялы телефон ұрлаған егде жастағы әйел анықталды.

Сайрам АПБ-ға мейрамхана даяшысы өзінің ұялы телефонының ұрланғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы мейрамхана үстелінен «Redmi» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреулер алып кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.  Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінде ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мынадай:

 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 3. Мынадай: 

1) ірi мөлшерде;

2) бірнеше рет: 

3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 4. Мынадай: 

1) қылмыстық топ жасаған; 

2) мұнай-газ құбырынан; 

3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті егде жастағы әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай күдікті әйел мейрамханаға қонақ ретінде келген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефонды көріп жымқырған. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Түркістан: Сервистік полиция моделін енгізу бойынша құрылған топ қылмыстарды саралауда

Түркістан облысының полицейлері Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұстаздары мен студенттерін қатыстыра отырып, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жиналыс өткізді. Мұнда пилоттық режимге енгізілген Түркістан қаласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар айтылды. Кездесуде модератор ретінде Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыс әкімдігі жанында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов жүргізді. Келелі кездесуде Түркістан қалалық Полиция басқармасының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шералы Абдраманов, Түркістан облыстық Полиция департаментінің инспекторы полиция капитаны Көкаршын Қанат, Түркістан қалалық пробация бөлімінің инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Ақмарал Бекбай баяндама жасады. Полицейлердің баяндамасында көрсетлігендей, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша құрылған топ, қылмысты болдырмау және қылмыстың алдын-алу  мақсатында, 2019-2021 жылдар аралығында тіркелген қылмыс түрлері бойынша талдау жүргізген. Яғни, топ мүшелерімен қылмысты талдау барысында, Түркістан қаласында соңғы 3 жылда «Ұрлық» қылмысы төмендеп, керісінше «Алаяқтық» қылмысы өскен. Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы талай адамды осындай қиындыққа душар болатынын мамандар жасырмайды. Бұл жөнінде Қылмыстық кодексінің 190-бабында алаяқтық 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соған сәйкес мүлікті тәркілеу, өмір бойы құқығынан немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына шектеу қойылады. Әдетте, соттың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы жағдайына назар аударады. Қоғамға қауіпті кеселге айналған аталған жат қылық алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалады. Олардың ықпалымен меншік немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.Осыған қатысты қылмыстық істерді саралап көрсек, көп түйткілді мәселеге көз жеткізуге болады. Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында жүзеге асады. Бұл алаяқтық жасау тәсілі болып табылады. Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін. Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Егер адам құқық беретін немесе міндеттерден босататын жалған ресми құжатты қолдан жасау жолымен аляқтық жасаса, жасалған әрекетті ҚК-нің 385-бабының бірінші бөлігінде және ҚК-нің 190-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралаған жөн. Сондай-ақ, қазіргі технология дамыған кезеңде алаяқтық жағдайы күрделене түсті. Интернет пен цифрлы технологияны пайдалана отырып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыратын адамдар бар. Бұл оған қатысты қылмыс түрлерін түебегейлі өзгертті. Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірі­мізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Бүгінде жаһандық желі игілігін пайдалана отырып, виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алған едік. Нәтижесінде кейбір тауарлар түріне сол арқылы тапсырыс беруге қолайлы жағдай туды. Дегенмен соңғы 10 жылдың көлемінде интернет көзі арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық түрінде айқын көріне бастады.Бас прокуратура интернет-алаяқтыққа байланысты ел тұрғындарына үндеу жариялаған болатын. Жат әдеттің көбейіп бара жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады.Ведомство мәліметінше, статистика бойынша, кейінгі 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық дерегі 10 есе өскен, Ол 2017 жылы 2 мыңды құраса ол 2021 жылы 21 мыңға дейін жеткен. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн - қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады.Алаяқтар көбіне құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.Сонымен қатар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы Меморандум жасалған. Бұл интернет алаяқтарына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды бөлігі. Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нәтиже берген. Жалпы айтқанда, интернет алаяқтықтың көбейіп кетуіне себепкер болып жүрген жағдайлар аз емес. Елімізде интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу кеңінен етек жайып барады. Кейбір тұрғындардың сеніміне кіре отырып, олардан қомақты қаржыны алаяқтық жолмен алуға тырысады.Жалпы интернет алаяқтық жағдайының  жартысы дәл осындай жолмен жасалғанын назарға алуымыз қажет.Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу жағдайы кездеседі. Еліміздің ішкі істер министрлігі мәліметі бойынша қарағанда, жыл басынан бері осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қылмыс жасаған.Қазіргі таңда қаржы пирамидалары өзін жоғары табысты инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді.Өздерін жарнамалау мәселесіне ерекше назар аударады. Бұл бағытты «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «табысқа кепілдік береміз» деген жалған уәделерді үйіп-төгеді.Осы мақсатта заңды микроқаржылық ұйымдар, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтерін пайдалануға тырысады.Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желі беттерінде қарқынды әрекет жасайды.Белсенді жұмыс жүргізіп, онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсынады, танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.Осы себепті полицейлер жастарға алаяқтарға алданбау керектігі ескертіліп, тура жолмен жүруге кеңес берілді. Полицияны қорғаным деп біліп, кез келген мәселеде көмек сұрауға болатындығы айтылды. Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашық әңгіме өрбіді. Жиын соңында "Біздің қазіргі басты мақсат - қаланың деңгейін көтеру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барынша ыңғайлы жағдай жасау және әлемге таныту",- деп қорытындылады ұйымдастырушылар.

 

САЙРАМ АУДАНЫНДА "ЗАҢ КЕРУЕНІ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ескере отырып, Сайрам ауданының прокуратурасымен құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақсукент ауылының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты - жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.

Аталған акцияға Түркістан облысы прокуратурасының өкілі Н.Қосбаев, облыстық полиция департаментінің өкілі А.Төреханов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері, аудандық мемлекеттік кірістер, санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармалары, мемлекеттік сот орындаушы, құқық қорғау органдарынан аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, төтенше жағдайлар басқармаларының бірінші басшылары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры қатысты.

Аталған шара барысында аудан тұрғындары тарапынан коммуналдық қызметтермен қамту,

жерді заңдастыру, әлеуметтік көмек көрсету және өзге де салаларға қатысты көтерілген мәселелерге заң аясында құқықтық түсіндірмелер берілді.

Акция нәтижесімен жергілікті тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауаптарын алып, мемлекеттік органдарға ризашылықтарын жеткізді.

 

Полицейлер «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Түркістан жоғары медициналық колледжінде» жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.

Акцияға 150-ден аса оқушы мен студент қатысты.

Тәртіп сақшылары кездесу барысында есірткі заттарының адам өмірін қалай құртатынын, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатынын түсіндірді.

«Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Нашақорлық әлемдегі проблемалардың ең ауыры болып отыр. Ол сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізуге қауқарлы.БҰҰ мәліметінше, әлемде есірткіге ең құмар халық АҚШ-та тұрады. Бұл мемлекеттегі 28,6 млн адамның зиянды әрекетке әуестігі бар. Мұнда дозаны артық қабылдаудың кесірінен жылына 200 мың адам ажал құшады. Олардың көбінің жасы 23-ке де жетпейді екен.Сонымен, миллиондаған адамды шырмауына түсіріп жатқан кейбір есірткі түрлері мен алкоголь адам ағзасына қалай әсер етеді? Британдық психиатр, нейропсихофармакология ғылымының профессоры Дэвид Натт пен зерттеуші топ бізге өте қажетті ақпараттар ұсынады», деген мамандар келесі кезекте есірткінің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды. Есірткіге еліткен адамда ауру сезімі, сіңірлердің түйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады. Нағыз мазасыздық күй соңғы дозаны қабылдағаннан соң, 4-24 сағатта орын алады да, нашақордың бұл затқа қажеттілігі күрт арта түседі. Сонымен қатар, азғаның героинға толеранттығы күшейіп, адам одан да көп дозаны қабылдағысы келіп тұрады. Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан, инсульттан көз жұмады. Себебі, есірткі ең бірінші жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Тағы бір өлімге алып келетін себеп ­– орталық жүйке жүйесін әрдайым ынталандыруға итермелейтін артық дозалану. Сарапшылар героинды тәуелділікке әкелетін есірткі ретінде ең жоғары балмен бағалап отыр,-деді спикерлер.Тағы бір тәуелділіктің себебі ретінде миды азықтандыру үшін жылдам энергияның келуін айтса болатындай. Бұл үшін ацетат қажет етіледі де, ми қарапайым энергия көзіне үйреніп алады. Яғни, адам ағзасындағы энергияның қайнар бұлағы болып есептелетін глюкозаның орнын алкоголь алмастырады деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жыл сайын 3,3 миллион адам спирттік сусындарды пайдаланғаннан қайтыс болатынын айтады. Бұл статистикаға ішкіліктен туындаған аурулар мен жарақаттарды да жатқызған. Ғалымдар, есірткінің заңдық статусы өзіне тәуелді ететіндігімен, зиян келтіруімен байланысты емес екенін айтады. Мәселен, заңды болып есептелетін табак пен алкоголь осындай рейтингтің жоғарғы сатысында тұр. Әрбір психоактивті заттың адам денсаулығына тигізер зияны орасан. Сол себепті, оның заңды не заңсыз еместігіне мән бермеген абзал.

 

Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап берді. Студенттер аталған іс-шарада ой пікірлерін жеткізіп, белсенділік танытты.

 

 

ТҮРКІСТАН: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өткізілді. Оған аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірқатар мәселе қаралды.

Мәжілісте Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы, Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Төлебаевтар баяндама жасады.

Күн тәртібінде облыс аумағындағы діни тұрақтылықты сақтау және тұрғындар мен жастар арасында теріс діни идеологияның таралуының алдын алу жұмыстары сарапталып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Оның ішінде жастардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін қалыптастыру және интернет кеңістіктердегі қауіпті ақпараттық материалдардан сақтандыру, қарсы насихаттық шараларды күшейту бағытында сөз қозғалды. Ой-пікірлер айтылып, қатысушы тараптар тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Отырысты қорытындылай келе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді. Соның ішінде, терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша халықтың сауаттылығын арттыратын іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұру, имамдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ, білім орындарында терроризмге қарсы іс-әрекет бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Полицейлер бірнеше сағат ішінде беймезгіл уақытта жүрген 12 жасөспірімді анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Оған Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де ат салысты. Полицейлер түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарын жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша 12 хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 1 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған қоса ювеналды полиция инспекторлары ата-аналарға балалардың түнде үйден тыс жерде болуына жол бермеу керектігі туралы түсіндіріп, құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналарға мұндай түнгі рейдтер күнделікті жүргізілетінін атап өтті. Ал кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынатыны ескертілді.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 442-баптың «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» былай жазылған:

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. 
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
Ескерту. 442-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.