ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 27 шілде - 7 қыркүйек аралығында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының, оған бағынысты мекемелер және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.

Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, №100.

Байланыс: +7701-778-28-57;

Эл.почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Естеріңізге саламыз, Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

Сарыағашта алаяқ басшы ұсталды

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Нақтырақ айтсақ, Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Яғни арызда көрсетілгендей, мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыста қалу мүмкіндігі үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді. Жүйелі, жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде жедел уәкілдер Келес ауданы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні қылмыс үстінде ұстады.

Яғни күдікті жәбірленушіден (басшы қызметкерінен) миллион теңге алған кезде қолға түсті. Тінту кезінде полицейлер ұсталған тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БАСТАЛДЫ Қайта оралу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 27 шілде - 7 қыркүйек аралығында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының, оған бағынысты мекемелер және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.

Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, №100.

Байланыс: +7701-778-28-57;

Эл.почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Естеріңізге саламыз, Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

Қазығұрт: Мас халде көлік басқарған әйел 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Қазығұрттық патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, «Қауіпсіз жол» рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер түнгі уақытта аудан көшелерінің бірінен «Volkswagen golf» маркалы автокөлігінің бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткенін байқады.

Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты. Жүргізуші әйелге қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай оның «орта дәрежелі» мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді.

Жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Осылайша спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізуші әйел сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Түркістан облысының әділет департаментінің басшысы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың Түркістан өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен жылдың атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылғы әділет органдары саласындағы жаңашылдықтар бойынша БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті.

— «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша қазіргі таңда 162 адвокат қызмет атқаруда. Оның ішінде ҚР Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны-117 . Заңда көзделген жағдайларға сәйкес яғни қылмыстық істер бойынша ,азаматтық , әкімшілік істер бойынша сонымен қатар құқықтық кеңестер беру бойынша облыс көлемінде 4669 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Қазіргі таңда 005 бағытында адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуін одан әрі жандандыруды, проблемалық алимент санатындағы атқару өндірістері бойынша Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен және аудандағы жеке сот орындаушылармен жұмыстарды жандандыру, әділет органдары қызметіне қатысты халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын жандандыру басым міндеттер қатарына қойылған», – деді Департамент басшысы. Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен мүлік тәркілеу бойынша 112 атқару өндірісі орындалып, атқару құжаттарының орындалуы 92,5% құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 16,3 %-ға артығымен орындалған. Мемлекет пайдасына негізгі айғақты заттар ретінде автокөліктер, жанар-жағармайлар, мотокөліктер, алкоколь және темекі өнімдері, теледидарлар, компьютер және оның құрылғылары, терминал аппараттары, ұялы телефондар, қайықтар және ақша қаражаттары т.б. тәркіленіп, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің №404 Қаулысы негізінде жергілікті атқарушы органға және Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілген. Сот актісі талаптарын орындаудан жалтарып жүрген борышкерлер бойынша 179 борышкер әкімшілік жауапкершілікке және 10 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек брифинг барысында әділет органдарындағы орын алған жеке және заңды тұлғалардың өкілдері өтініштерін электронды түрде жолдай алуы, борышкерлердің жылжымайтын мүлкінен тұрғынжайынан өндіру, Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі және зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы жаңашылдықтар жайы да айтылды.

Жетісай: «Құқықтық тәртіп» кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 36 жүргізуші анықталды

Жол бойында орын алатын түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Рейд кезінде заңсыз құжатсыз жүрген 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, 87 автокөлікке әкімшілік кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар түзілді. Атап айтар болсақ, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша – 35, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануымен – 6, жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін 36, маневр қағидаларын бұзу бойынша 10 хаттама толтырылды.

Мәселен, «Ваз 21144» маркалы автокөліктің жүргізушісіне қосымша жарықшам орнатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша хаттама толтырылды.

Ордабасы: Полицейлер мас халдегі ер азаматтан марихуана есірткісін тәркіледі

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресуде «Қарасора 2022», жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде.

Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «кептірілген марихуана» есірткісі екендігі анықталды.

Тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осы бап бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қазығұрт: Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жұмыс жасайтын сауда орталығында тұрған «OPPO A53» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 130 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, ол дүкенге тұтынушы болып кіріп, өзіне қажетті заттарды алмақшы болған. Осы сәтте дүкен ішінде тұрған ұялы телефонға көзі түскен бойжеткен оңай олжалы болуды көздеген. Күдіктіден айғақты зат ретінде бөтеннің мүлкі алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін сақтық шараларын жасауды ұсынады. Дүкендерге, тұрғын үйлерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.