Түркістан: Келесте уылдырық цехы іске қосылып, алғашқы өнім алынды
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Келес ауданында балық шаруашылығы өркендеп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері аясында бұл салада бірқатар жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда және ауылдық жерлерде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық нығая түсуде.