Шымкент аспанын батпырауықтар фестивалі көркейтті

Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды.

Республика күніне арналған веломарафон шымкенттіктерді сергітті

25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Шымкент қаласында биыл алғаш рет қала тұрғындары арасында ауқымды веломарафон ұйымдастырылды. Мерекелік көңіл-күй мен спорттық серпін сыйлаған бұл шараға 300-ге жуық велосүйер азамат қатысты.

Шымкентте Грузин этномәдени орталығының фестивалі өтті

Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» Грузин этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Республика күніне арналған «Бірлікте – күшіміз!» атты халықтар достығы фестивалі өтті.

Шымкентте Республика күні - халықтық думанға ұласты

25 қазан күні Шымкент қаласының «Астана» алаңы ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық шара қ ала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды.

Сауран мен Сауан қалаларының кәсіпкерлері ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады

Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданынан келген делегация қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Шараның басты мақсаты - өндіріс, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы серіктестікті кеңейту, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу бағыттарын нақтылау. Сапар барысында саурандық өкілдер Сауан қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді.

Respublica Asyq Atu: 40 финалист асық ату турнирінде бақ сынайды

2025 жылғы 25 қазанда Шымкент қаласында ұлттық спорттың ең көне түрлерінің бірі – асық ату бойынша Respublica Asyq Atu екінші республикалық турнирі өтеді. Бұл дода еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшыларды біріктіріп, ұлттық дәстүр мен заманауи спорттың тоғысқан мерекесіне айналмақ.

Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтеді

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл – қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетіп, адамдардың өміріне мейірім мен жылулық сыйлайтын мамандардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке.

Шымкент қаласында науқастардың ауруханаларға түсу көрсеткіші артқан

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың көбеюіне байланысты медициналық мекемелердің жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Қала тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 60 емхана көрсетеді, оның ішінде 14-і мемлекеттік, 46-сы жекеменшік ұйымдар.