Ордабасы ауданы: аппараттық жиында негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланды

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Ордабасылық шаруа «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алып, жылқы бордақылауда

«Ауыл аманаты» бағдарламасымен жүзеге асқан жобалар – ауыл экономикасына оң серпін беріп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында еңбеккерлер ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеріп, тұрақты табыс көзіне айналдырып келеді. Бұл – көптеген шаруашылық иелерінің мысалында айқын көрініс тапты.

Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Шымкент қаласында қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою және олардың салдарын жою мақсатында екі күн бойы қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар «Қыс-2025» өткізілді. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру, төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету әдістерін пысықтауға бағытталды.

Кентау қаласының әкімі қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен қала әкімдігінің апталық аппарат жиыны өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.

Шымкент әкімі Корея Республикасының Алматы қаласындағы бас консулымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесті. Әкім оны жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сенімге, өзара құрмет пен көпжылдық достыққа негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты атап өтті.

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Президенттің айтуынша, агросектор ел экономикасының стратегиялық тірегі болып қала береді, сондықтан оны заманауи технологияға, жоғары өнімділікке және жаһандық бәсекеге қабілеттілікке бейімдеу – басты басымдық.

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын реттеу және су тиімділігін күшейту – бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ордабасы ауданы: «Рамазан-Агро» ЖШС – жылына 35 000 тоннаға дейін мақта талшығын өндіруде

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі Төрткүл ауылындағы «Рамазан-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл шаруашылық 2009 жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысып келеді. Компанияның негізгі бағыты – суармалы жерлерде мақта егу және оны өңдеу арқылы ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы өнім ұсыну.