Солардың бірі Ордабасы ауданына қарасты Шұбар елді мекенінің тұрғыны Пірәлі Берік. Ол 7 200 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылқы бордақылау ісін бастады.Осы қаражат есебінен 18 бас жылқы сатып алған. 18 тонна шөп пен арпа қорын толықтырған. Қора-жайды жөндеп, қажетті құрал-жабдықтарға 1,3 млн теңге жұмсаған.
Бүгінде шаруашылық ай сайын табыс әкелуде. Жылқы бордақылаудың орташа айналымы 90–120 күн аралығында. Осы кезеңде әр малдан 70–90 мың теңге пайда түседі.Беріктің айтуынша, кәсіп басталғалы отбасының тұрмысы жақсарып, табыс тұрақты арнаға түскен. Кәсіптің тиімді тұсы еңбекті еселеп, табысты көбейте беру мүмкіндігінде.Алдағы жоспар ретінде Берік Пірәлі мал басын 50 басқа дейін көбейтуді, шағын жемшөп қоймасын салуды, қосымша бірнеше адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат