Бәйдібек: Шақпақ елді мекенінде жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

Бүгін, Алғабас ауылдық округі Шақпақ елді мекенінде жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы ашып, Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Арнайы жиналған ауыл тұрғындарын замануи жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

 

"Бүгінгі ашылып отырған нысан — жастарымыздың спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына, түрлі жарыстар ұйымдастыруға арналған қолайлы орын болмақ. Бұл кешен болашақ чемпиондарымызды тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді", — деді аудан басшысы өз сөзінде.

 

Сонымен қатар, жиынға арнайы келген Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нақыпбеков Алмас Мұхаддасұлы, Түркістан облысының мәдениет басқармасының «Конгресс Холл көпсалалы кешенінің» басшысы Кенехан Асқар Оразханұлы және Бәйдібек аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Сылқымбек Спабеков Шақпақ елді мекенінің тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

 

Жаңа спорт кешені – жобасын жүзеге асырушы мердігер мекеме – "Real Story Invest" ЖШС, нысан құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Бүгінде Бәйдібек ауданында 238 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 су спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 3 спорттық манеж, 53 спорт залы және 177 спорт алаңдары бар. Аудан спортшылары ағымдағы жылы түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір намысын абыроймен қорғап келеді. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, волейбол және еркін күрес түрлерінен аудан спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

 

Жаңа спорт кешені – жастардың денсаулығын нығайтып, олардың бойына отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие сіңіруге бағытталған игі бастамалардың жарқын көрінісі. Бұл кешен алдағы уақытта ауыл жастарының бас қосып, кәсіби спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, ауылдың қоғамдық өмірінде маңызды орын алатыны сөзсіз.

Ордабасы ауданында күрес спортын дамытуға арналған келелі жиын өтті

Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы «Темірлан» спорт кешенінде аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.

Отырар ауданында 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай эстафеталық сайыс ұйымдастырылды

Бүгін “1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні” аясында «Әкем,анам және мен» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайыс өтті.  Аудан орталығындағы «Қажымұхан Мұңайтпасұлы» атындағы спорт кешенінде өткен іс-шараға аудандағы барлық білім беру мекемелерінен оқушылар және балабақша бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге қатысты.

Созақ ауданы: Тасты ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Тасты ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тағы бір игі іс жүзеге асты. Ауыл азаматы, белгілі кәсіпкер Махат Төрәлінің демеушілігімен салынған «BELES» спорт кешені ел игілігіне берілді. Жаңа спорт нысанында бокс залы, күрес залы және шынығу залдары қарастырылған. Бұл ауыл жастарының спортқа ден қойып, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік туғызбақ.

Созақ төрінде қазақ күресінен ел чемпионаты өтті

Созақ ауданының орталығында орналасқан «Орталық саябақта» Қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбекұлының 85 жасқа толуына орай қазақ күресінен 90+ салмақта ерлер арасында ел чемпионаты өтті.

Созақ ауданының әкімі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын қадағалады

Созақ ауданының орталығында салынып жатқан 200 орындық заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс барысын бақылауына алып, сапасына назар аударды.