Ерекше жандар тоғызқұмалақ ойнап жарысты
Шаһарда ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ерекше жандарға арналған ауқымды мәдени-әлеуметтік іс-шаралар өтіп жатыр. Екі күнге созылатын бұл жобаға мүмкіндігі шектеулі жас спортшылар, қолөнер шеберлері мен өнерпаздар қатысып, өздерінің өнері мен қабілетін көпшілікке паш етеді.