Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам өрт дерегі тіркелген

Облыс аумағында 2025 жылдың 6 айында 203 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен жалпы құны 444 млн 403 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков мәлімдеді.

Түркістаннан Абай облысында керуен аттанды

Түркістан облысынан 540 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Абай облысына жол тартты. Керуенде көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері бар. Атап айтқанда, картоп - 194,0 тн, бақша - 81,0 тн, жеміс-жидек - 71 тн, қымыран, қаймақ, сары май, қымыз, айран, ірімшік, әсел, шырын, сусындар, шұжық, жұмыртқа, балық тағы басқа секілді 167,0 тн өнім жеткізіледі.

Ордабасы: аудан әкімі Бөржарда инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалады

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданға қарасты Бөржар ауылдық округіне арнайы барып, аумақтың инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың ұсыныс-тілектерін орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалады.

Шымкентте туристік индустрия мамандарына арналған кәсіби семинар-тренинг басталды

29–31 шілде аралығында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қонақ үй және қоғамдық тамақтану саласының әкімшілері мен гид-экскурсоводтарға арналған оқыту семинар-тренингі өткізілуде.

Шымкенттің инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша аппарат мәжілісі өтті

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудан әкімдері мен бірқатар басқарма басшыларының қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы талқыланды.

Шымкент: Тыл ардагерлеріне жоспарлы медициналық көмек көрсетілді

Шымкент қаласы №2 қалалық ауруханасының мамандары тыл ардагерлерін жоспарлы медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын жалғастыруда. Аталған іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, оның аясында медициналық қызметкерлер тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, скринингтік тексерулер жүргізді.

Түркістан: Келес ауданында шабдалы өсіру жұмыстары жанданады

Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында биыл оң өзгерістер байқалады. Өңірге арнайы келген түркиялық инвесторлар ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктерін зерделеп, жеміс-жидек шаруашылығын, соның ішінде шабдалы өсіруді дамытуға қызығушылық танытып отыр. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев шетелдік мамандарға өңірдің әлеуетін таныстырып, әріптестік орнату жолдарын талқылады.

Шардара су қоймасында тұқы балығын аулаудан Қазақстан чемпионаты өтті

Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында тұқы балығын спорттық аулаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік спорттық балықшы командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында әділ әрі тартысты ойын өтті.

Түркістан: Келесте коммуналдық сала қызметкерлеріне 32 бірлік жаңа техника табыстады

Келес ауданында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа техникалар пайдалануға берілді. Шараға аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындар игілігі үшін алынған техникаларды салтанатты түрде табыстады.

Түркістан: Шардара жағажайы жаңа кейіпке енді

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.