Ынтымақ – өркендеудің кепілі

Қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылық – кез келген мемлекеттің ең басты тірегі. Бейбіт өмірсіз, бірліксіз, татулықсыз ешбір елдің дамуы мүмкін емес. Тарихқа көз жүгіртсек, ішкі қақтығыстар мен алауыздықтың кесірінен өркениеттен кенде қалған, тіпті картаның бетінен жоғалып кеткен мемлекеттер аз емес. Ал бірлігі бекем, мақсаты ортақ елдер әрқашан да кез келген дағдарысты еңсеріп, жаңа белестерді бағындырған.

Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті

Шымкент қаласында табиғатты қорғауға бағытталған кең ауқымды «Taza Alem» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама аясында қала маңындағы маңызды су көздерінің бірі — Бадам су қоймасында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру.

Шымкентте бірнеше спорт нысанының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде

Биыл Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан жалпы құны 104,9 млрд теңгеге 69 жоба аясында 98 нысанның құрылысы қолға алынды. Оның ішінде 62 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланса, бір нысанның құрылысы толығымен аяқталды. Қалған 35 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болып отыр. Аталған жобалар аясында қала аумағында көпқабатты 57 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Шағын бизнеске жаңа серпін: Қайтарымсыз грантқа өтінім беру басталды

11 тамыздан бастап азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және жұмыссыздықты азайту мақсатында Business.enbek.kz порталы арқылы қайтарымсыз гранттар берудің екінші легі басталды. Бұл бастама — өз ісін жаңадан бастағандар үшін үлкен мүмкіндік.

Шымкент "Қазақ вальсінің короліне – 95 жыл" тақырыбындағы әдеби кеш өтті

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №2 кітапхана бөлімшесінде қазақ музыкасының бірегей туындыларын дүниеге әкелген, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырылды.

“Мерейлі отбасы - 2025”: Шымкентте үздік отбасылар анықталды

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасы

Тарих бізге бір ақиқатты айқын дәлелдеді: мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуі – ел ішіндегі татулыққа, халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірлігі шайқалған қоғамдар ұзаққа бармайды, ішкі қақтығыстар мен алауыздық олардың дамуын тежейді, тіпті жойылуына әкеледі. Керісінше, ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа жұмылған елдер – биіктен көрініп, өркениет көшінде алдыңғы қатардан орын алады. Қазақстан – дәл осындай бірлікті басты құндылық еткен мемлекет.

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн теңгеге дейінгі гранттармен жаңа жобаларды іске қосты.

Шымкентте Асанбай Асқаровтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін 13 тамыз – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның бірнеше облысын басқарған ірі тұлға Асанбай Асқаровтың өмірден озған күні. «Халқым аман болса, мен де аманмын!» деп ұлты үшін өлшеусіз үлес қосқан үлкен жүректі ұлы тұлғаның есімі ұмытылмақ емес.