Түркістан облысы: сенатор А.Бейсенбаев Түлкібас ауданының дамуына оң бағасын берді
Арнайы іссапармен өңірге ат басын бұрған сенатор аудандағы ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып өтті.
Арнайы іссапармен өңірге ат басын бұрған сенатор аудандағы ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып өтті.
Жаңа оқу жылының қарсаңында Жетісай ауданында 300 орындық бір мектеп ел игілігіне тапсырылмақ. Бұдан бөлек тағы 3 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Бүгін Түлкібас ауданы әкімі аппаратының жоспарға сай кезекті мәжілісі өтті.Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын аудан активіне таныстырды.
Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен отыз алтыншы сессиясында төрт мәселе қаралып, депутаттардың талқысына салынды.
19 тамыз – спортшылар күніне орай Мақтаарал ауданының ардагер спортшыларының арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков спортшыларға деген ізгі тілегін арнады.
Түркістанға жаңа қоныстанған Дене шынықтыру және спорт басқармасы қалалық спорт бөлімімен бірге тамыздың 18-інде «Спортшылар күніне» орай салтанатты іс-шараны Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар алдымен салтанатты шараны бастамас бұрын Қазақ волейболының атасы атанған Октябрь Жарылқаповтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Облыс орталығы Түркістанда жыл соңына дейін 700 отбасы баспаналы болады. Бүгінде шаһарда азаматтарды баспанамен қамту шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда. Ол үшін осы жылдың екінші жарытысында қазынадан 6 млрд. теңгеден астам қаржы қаралып, 11 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек қала аумағынан 10 пәтерлі қызметтік 4 үй салынуда.
Бүгінде қаланың жаңа статусына орай алғышарттар жасалып, Түркістанның алдағы уақыттағы даму бағыттары мен шаһардың осы заманғы жаңа келбетін қалыптастырудың тетіктері қолға алынуда. Қонақтар мен туристер ең алдымен шаһардың сәулеті мен көркіне көз тігетіні сөзсіз. Сондықтан басты жұмыстар қаланың келбетіне сын келтіретін бейберекет сауда орындары мен көпшілік көп баратын орталық "Қуаныш" базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын талапқа сай ретке келтіру болып отыр.
«Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға бағытталған жаңа бағдарламасы аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-құрылымдар өкілдерімен бірлесіп, программалау және робототехника негіздерін терең оқып-үйрену үшін еліміз бойынша 1000 тегін IT-сыныптар ашуды жоспарлаған болатын.