Шымкентте 2 жекеменшік мектеп жабылып, 16 мектеп лицензия алды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар алаңында қала әкімінің орынбасары әрі әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз жиынын өткізді. Онда Шымкент қаласының білім саласында 2025-2026 оқу жылына дайындық аясында маңызды өзгерістер жайында айтылды.

Созақ ауданы: дәстүрлі Тамыз кеңесінде 2025-2026 оқу жылындағы міндеттер айқындалды

Бүгін «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы ұстаздардың дәстүрлі аудандық тамыз кеңесі өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін тамыз кеңесіне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барша ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Шымкент қаласы әкімдігінің жоғары білімге арналған мемлекетте гранттарына құжаттар қабылдау жалғасуда

«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы – әкімдік өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және білім беру ұйымдарында орналастырады.

Осыған орай, Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 14 шілдедегі №39-ө өкімімен арнайы комиссия құрылып, 15 шілдеде бакалавриаттың 25 білім беру бағдарламасы бойынша 285 грант бөлінді.

Конкурсқа барлығы 10 жоғары оқу орны өтінім беріп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес өткізілген конкурс нәтижесінде және комиссияның 12 тамыздағы шешімі негізінде бөлінген орындар 6 ЖОО-на орналастырылды. Оның ішінде 3 университет Шымкент қаласында, 3 университет Алматы қаласында орналасқан.

Грант бөлінген жоғары оқу орындары:

1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 226 орын;

2. Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университет – 20 орын;

3. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы – 1 орын;

4. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 23 орын;

5. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – 10 орын;

6. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті – 5 орын.

Комиссия шешімімен 14–20 тамыз аралығы талапкерлердің таңдаған жоғары оқу орындарына әкімдік грантына құжат тапсыру мерзімі ретінде белгіленді. Өтініш қабылдау туралы хабарландыру қалалық білім басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының жауапты қызметкерлері талапкерлерге қажетті кеңестер берді.

Әкімдік грантын иелену үшін тапсырылатын құжаттар:

• ректор атына өтініш;

• білім туралы құжат (түпнұсқа);

• жеке куәлік көшірмесі;

• 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

• 075-У нысанындағы медициналық анықтама;

• ҰБТ сертификаты;

• ведомостан үзінді (арнаулы/шығармашылық болған жағдайда);

• білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (бар болса);

Түркістандық ақын халықаралық мүшәйрада жүлдеге ие болды

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кең ауқымды мәдени іс-шаралар жалғасуда. Бүгін Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде «Өлең сөздің патшасы» халықаралық ақындар мүшәйрасы өтті.

Түркістан облысында 800-ден астам түлек "серпін" бағдарламасымен грантқа түсті

2025 жылы жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 50 831 жасты осы жоба аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы мәлімдеді.