Түркістан облысы: Сауранда «Келешек мектептері» жобасы аясында мектеп ашылды
Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, құттықтады.