Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 1000 адамның қатысуымен «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өтті
Қазығұрт ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында дәстүрлі «AL-FARABI» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Зияткер жастардың басын біріктірген ауқымды жоба Қазығұрт ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның қолдауымен өткізілді. Ашық аспан астында өткен білім бәйгесіне мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және түрлі сала мамандарынан құралған 200 команда, 1000-ға жуық жас қатысты.