Ордабасы ауданының әкімі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әкімшілік кедергілерге жол бермеу керектігін айтты
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды талқылау мақсатында инвестициялық штабтың отырысы өтті. Аталған басқосуға «Turkistan Invest» ЖШС-нің өкілдері, тиісті салалық және дербес бөлімдердің басшылары, инвестициялық жобалардың иелері қатысты.