Түркістан қаласында кәсіп бастауға ниетті азаматтарға «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы қолдау көрсетіп келеді

Түркістан қаласында ағымдағы жылдың басында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – қала кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға кәсіпкерлік саласында заң аясында сүйемелдеу мен қолдау көрсету болып табылады.

Түркістан қаласында жалпы құны 351 млрд. теңге болатын 233 инвестициялық жоба пулы іске асырылуда

Жергілікті инвесторлар тарапынан қала аумағында – жалпы құны 351 млрд. теңге болатын және 3 920 жоспарлы жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 233 әр түрлі саладағы инвестициялық жобаның пуллы қалыптастырылып, іске асырылуда.

Түркістан қаласында мемлекеттің қолдауы арқасында шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді

Түркістан қаласының тұрғыны, 3-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматша Зухра Әбдіжаппарова мемлекеттік «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы грант жеңіп алып, үй іргесінде құс шаруашылығын қолға алған. Бүгінде кәсіпкер 50-ге жуық тауық асырап отыр. Күніне 20-ға жуық жұмыртқа алып, саудалайды. Тапсырыс бар. Алдағы уақытта құстар санын көбейтуді көздеп отыр екен.

Түркістан қаласының туристік және кәсіпкерлік әлеуетін көтеретін нысандар салынбақ

Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды.

Шымкент: Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасының орынбасары Нұрдәулет Абдусаттаровтың модераторлығымен өткен жиынға Палата қызметкерлері, кәсіпкерлер, бухгалтерлер қатысты.