Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша елімізде көш басына шықты
Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 125,2%-ды құрап, республика бойынша 1 орынға шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және бюджеттің атқарылуы бойынша көрсетікіштер қаралды.