Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «Кең Дала» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін 1 441 жоба қаржыландырылған. Қазіргі таңда жаздық дақылдар 388 мың гектар алқапқа егілді.