Түркістан облысы: Ордабасыдағы «Темірлан» өндірістік паркінде жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданында өндірісті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – аудан орталығында орналасқан «Темірлан» өндірістік паркі.