Түркістан облысында 1100 тонна қауын мен қарбыз жиналды

Түркістан облысының фермерлері биылғы бақша дақылдарының алғашқы өнімін ала бастады. Бүгінгі күнге дейін 600 тонна қарбыз және 500 тонна қауын жиналды. Түркістан облысы бау-бақша жағынан елдегі алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі. Биыл қарбыз егіс алқабы 20 мың гектар, ал қауын алқабы 42 мың гектар болды. Ауа райының қолайлылығының, заманауи агротехнологияларды қолдану және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кәсібилігінің арқасында ерте әрі сапалы өнім алынды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ташкент облысындағы озық өнеркәсіптік және туристік жобалармен танысты

Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ташкент облысының хокимі Зойир Мирзаевпен бірге өңірдегі стратегиялық маңызы бар бірқатар нысандарды аралап, өнеркәсіп, жоғары технологиялар, шикізатты өңдеу және туристік инфрақұрылымды дамыту салаларындағы озық тәжірибелермен танысты.

«Шекарасыз ынтымақтастық»: Түркістан мен Ташкент облыстары жаңа серіктестік кезеңіне қадам басты

Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстары кәсіпкерлерінің қатысуымен «Шекарасыз ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық бизнес-форум өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және бизнес-делегация қатысып, өңіраралық сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Маңызды іскерлік диалог алаңынада екі өңірден 200-ге жуық кәсіпкер мен инвестор бас қосты.

Түркістан облысы: Арыста француздық Alstom компаниясының жаңа сервистік депосы салынып жатыр

Арыс қаласында халықаралық деңгейдегі жетекші серіктес – француздық Alstom компаниясының электровоздарға арналған жаңа сервистік депосының құрылысы жүргізілуде. Жоба қаланың маңызды теміржол торабы ретіндегі стратегиялық әлеуетін арттырып, өңірдегі көлік-логистика саласының дамуына серпін береді.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 1 аптада 200 тоннадан астам қарбыз жиналды

Бақша өнімдерін жинау науқаны қызу жүрім жатқан Жетісай ауданында алғашқы қарбыздар еліміздің ірі қалалары мен көршілес Ресей Федерациясының сауда нарығына жол тартуда. Қазіргі таңда егістік алқаптарынан бір аптаның ішінде 200 тоннадан астам қарбыз жиналып, тұтынушыларға жеткізілген. Ерте піскен өнімге сұраныс та жоғары. Бұл өз кезегінде шаруалардың табысын арттырып қана қоймай, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін айқындай түсуде.

Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанда халықаралық бизнес-форумға келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында бүгін Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстарының кәсіпкерлері қатысатын «Шекарасыз ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық бизнес-форум өтеді.

Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірдің даму динамикасы жоғары баға берілді

Түркістан қаласында Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің он төртінші кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев жүргізді. Кеңейтілген отырысқа облыс әкімдігі өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары және сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы және қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелер қаралды.

Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округінде жиһаз өндірісі жобасы жүзеге асырылуда

Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округінде жиһаз өндірісін дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайды. Өндіріс орны іске қосылған жағдайда 500 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.