Түркістан облысы мен Қытайдың Гуйчжоу провинциясы арасында байланыс орнатылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытай Халық Республикасының Гуйчжоу провинциясынан келген ресми делегациямен кездесті. Делегацияны Гуйчжоу провинциясының шетелмен достық жөніндегі халық қоғамы төрағасының орынбасары Хун Цзян бастап келді. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, цифрлық технологиялар, туризм және өндіріс салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Түркістан облысы: Сарыағашта өндірістік парк құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада өндірістік парктер салынып жатыр. Мақсат – жұмыс орындарын көбейту. Бұл тірліктер Сарыағаш ауданында да атқарылып келеді. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді.

Түркістан облысында қуаты 300 мвт күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады. Іс-шараға және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «China Energy Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Хэ Сюнфэй және инвесторлар, энергетика саласының өкілдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты.

Түркістан облысындағы 30-ға жуық кәсіпорын «Ulttyq Ónim – 2026» көрмесінде өңірдің өндірістік әлеуетін таныстырып жатыр

Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы «Ulttyq Ónim – 2026» көрмесі басталды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен 600-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі өз өнімдерін таныстыруда. Биылғы көрме ауқымы жағынан өткізілу тарихындағы ең ірі көрме ретінде ерекшеленуде.

Түркістан халықаралық туризмнің жаңа тартылыс нүктесіне айналуда

Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті шаһарға деген шетелдік туристердің қызығушылығын күрт арттырды. Ауқымды саяси шарадан кейін көне қалаға келуші туристер мен зиярат етушілер саны еселеп көбейіп, демалыс күндері ұшақ билеттерін табу қиындаған. Бүгінде сенбі-жексенбі күндері Түркістан бағытындағы рейстерге сұраныс бірнеше есе өскен. Қонақ үйлерде бос орын азайып, тарихи-мәдени нысандарда келушілер қарасы қалыңдаған. Әсіресе Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келетін зияратшылар саны күн санап артып жатыр.

Түркістан: Отырардың туристік әлеуеті таныстырылды

Отырар ауданында «Отырар алқабының туристік әлеуеті: көне мұраға жаңаша көзқарас» тақырыбында ауқымды баспасөз туры ұйымдастырылды. Тағылымы терең іс-шараны «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы өткізді. Іс-шараға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері, интернет-басылым журналистері, сондай-ақ, музей-қорықтардың баспасөз хатшылары қатысты.

Түркістанда ««Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция ұйымдастырылды

Түркістандағы «Киіз үй» кешенінде Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында ірі қара сүйегін өңдейтін зауыт ашылады

Бүгінде Түркістан облысы еліміздегі инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлердің біріне айналды. Өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, индустриялық инфрақұрылымды жетілдіру және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету нәтижесінде бірқатар ірі жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.